• Маңғыстау облысы аймағында өзінің электр беру желілерімен электр энергиясын беру және бөлу
  • Электр энергиясын беру және бөлу көлемі 2014 жылы 2 945 млн.кВт/сағ. құрады. Қоғамның басты мақсаты болып аймақтағы энергиямен жабдықтаудың тиімділігін және сенімділігін өсіру табылады, сонымен қоса, инвестициялық тартымдылықты өсіру мен компания құнын ұлғайту
  • 6170,155 км электр өткізудің әуе желілері
    Қоғамның басты мақсаты болып аймақтағы энергиямен жабдықтаудың тиімділігін және сенімділігін өсіру табылады, сонымен қоса, инвестициялық тартымдылықты өсіру мен компания құнын ұлғайту
  • Маңғыстау облысы аймағында өзінің электр беру желілерімен электр энергиясын беру және бөлу

Компания туралы

1974 жылы Ақтаудағы құс фабрикасы ауданынан әрқайсысының қуаты 4000 кВа екі трансформаторлы 35/6 кВ қосалқы станса (ҚС) пайдалнауға берілді. № 14 «Жетібай» 110/35/6 кВ қуаты 40500 кВа болатын трансформатор орнатылды. Жалпы белгіленген қуаты 62600 кВа болатын қос трансформаторлы, 110/35/6 кВ қосалқы стансалары (Маңғышлақ ст, «ПТБ»-  12600 кВа, № 11 «Промзона» ҚС – 50000 кВа) кәсіпорын балансына өтті.

1975 жылы ұзындығы 49 км болатын 10 кВ және 14 шақырымдық 0,4 кВ әуе желілері (ӘЖ) пайдалануға енгізілді, сондай-ақ Жетібай стансасындағы жалпы қуаты 2700 кВа болатын 6/0,4 кВ 12 қосалқы стансалы энергошаруашылық мекеме балансына қабылданды.

1976-77 жж. «Жетібаймұнай» МГӨБ-на қарасты 35 кВ ҚС және әуе желісі толықтай МЭЖК балансына өтті.

 

Ары қарай

 

 

 

Жакупов Мураткалий Абуталифұлы.

 

«Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы

 

 

Құрметті сайттың келермендері!

«Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» АҚ корпоративті сайтына қош келдіңіздер.

Біздің компания – Маңғыстау облысындағы электр энергиясымен қамтамасыз ету және беру бойынша қызметтерді көрсететін нарықтағы үстем жағдайға ие, Қазақстанның батыс аймағындағы ірі мекемелердің бірі.  Электр энергиясының тоқсан пайызы «МЭБК» АҚ желілері бойынша тасымалдау,  аймақтағы ірі мұнай өндіруші компаниялармен тұтынылады.

Компанияның мақсаты құрылғылардың, қондырғылардың, ғимараттардың және табыстау қондырғыларының қауіпсіз жұмыстары үшін тұтынушыларды электр энергиясымен сенімді және үздіксіз қамтамасыз ету болып табылады. Қоғам электр энергиясы желілерінің жүйелерін ұлғайту және қайта құруға ерекше назар аударады.

Біздің сайт компания туралы  және энергетика сұрақтары бойынша сенімді ақпарат көзі ғана емес, сонымен қатар «Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» АҚ әрекетіне қатысты, клиенттермен және әріптестермен сенімді байланыс орнату тәсілі болатынына сенеміз.

 

Ізгі құрметпен,
Жакупов Мураткалий Абуталифұлы,
«Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы