|
Айтжанов Наби Еркинович - «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ 2017 жылдың 09 қарашасынан бастап бүгінгі күнге дейін – Директорлар Кеңесінің Төрағасы. - «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС 2010 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС Бас директоры. 1980 жылы 11 қыркүйекте Целиноград облысының Қорғалжын ауылында дүниеге келген. С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетінің экономика факультетін бітірген, мамандығы – «Экономика және менеджмент». Сондай-ақ Халықаралық бизнес Академиясын сәтті аяқтап шыққан, іскерлік әкімшіліктендіру магистрі болып табылады (МВА). "Компанияларды біріктіру және жұту", "IPO-ға шығу", "Компанияның құнын бағалау" сертификаттары бар. Еңбек жолын «Көкшетау Энерго» ЖШС болжау-талдау орталығының бас инженері маманы лауазымынан бастады, 2002 жылдан бастап – жетекші инженер – «Көкшетау Энерго Сбыт» электр энергиясын сату жөніндегі директоры. 2003 жылы «Түркістан Энерго» (Шымкент қ.) коммерциялық диспетчерлендіру бөлім басшысының орынбасары болып белгіленеді. 2004 жылдан бастап – жетекші маман, «Қазақстан коммуналдық жүйелер» АҚ (Алматы қ.) корпоративтік даму бөлімінің басшысы. 2005 жылдан бастап – директордың орынбасары, содан кейн «Энергопоток» ЖШС (Шымкент қ.) директоры. 2006 жылы «Энерго Сбыт» ЖШС (Қарағанды қ.) басқарады. 2008 жылдан бастап – «Оңтүстiк Жарық Транзит» ЖШС (Шымкент қ.) бас директоры . 2016 жылы Наби Еркиновичке республиканың электр энергетика саласын дамытуға қосқан үлесі мен сіңірген еңбегі үшін «Еңбек сіңірген энергетик. Қазақстан Электрэнергетикалық Қауымдастығы» атағы берілді. Сонымен қатар Наби Еркинович «ТМД еңбек сіңірген энергетик» атағына және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медаліне ие.
|
Аханов Султан Айтпекович - «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ 2018 жылдың 29 қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін – Директорлар Кеңесінің мүшесі. - «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС - 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС қаржы сұрақтары жөніндегі Бас директордың орынбасары. Білімі: 2005 жылы М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін аяқтаған, экономика бакалавры. Жұмыс тәжірибесі: 2005 – 2006 жылдар - «ҚазАтомПром» ҰАК АҚ, жетекші маман;
|
|
Максутов Кайрат Берикович Білімі туралы деректер: Қазтұтынуодағы Қарағанды кооперативтік институты, (Қарағанды қ.) 1987-1991жж. Мамандық - тексеру және бақылау, Біліктілік – экономист-ревизор. Басшы қызметіндегі жұмыс тәжірибесі:
• 2009 жылдан бастап «Самұрық-Энерго» АҚ қаржы және экономика жөніндегі Басқарушы директор, корпоративтік басқару жөніндегі Басқарушы директор, Басқарма Төрағасының орынбасары, экономика және қаржы жөніндегі Басқарушы директор қызметінде болған. |
|
|
Бокенбаев Жақып Қуттыбекович - «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ 2017 жылдың 09 қарашасынан бастап осы уақытқа дейін – Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры
|
Сагынбаев Ерлан Избасканович 1974 жылы 02 мамырда дүниге келген. - «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ 2017 жылдың 09 қарашасынан бастап қазіргі уақытқа дейін – Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры. - «Шаңырақ 2030» ЖШС - 2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Шаңырақ 2030» ЖШС директоры. 1996 жылы Семей сервис колледжін аяқтаған, мамандығы - техникалық қызмет көрсету және жеңіл өнеркәсіп жөндеуі, сонымен бірге 2007 жылы юриспруденция мамандығы бойынша Қазақстан гумманитарлық құқықтық университетін және 2010 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ транспорт және коммуникациялар академиясын аяқтаған, мамандығы - көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру. Жұмыс тәжірибесі: 2002 – 2003 жылдар - «Алматы ТЕК Өкілдігі» ЖШС, мұнай отынын сақтау орны дистрибьюторы; 2004 – 2005 жылдар - «ҚТЖ ұлттық теміржол компаниясының филиалы, Семей көлік басқармасы», Станция басшысы, «Талды» станциясы; 2006 – 2007 жылдар - «Алматы ТЕК» ЖШС, Мұнай отынын сақтау орны басшысы Семей қаласындағы филиал; 2007 жылдың мамыр айынан маусым айын дейін - «Алматы Жер» Алматы муниципалдық компаниясы, Екінші департамен маманы; 2007 – 2013 жылдар - «Интерстрой НС» ЖШС, Директор.
|