«МӨЭК» АҚ-да Біріктірілген менеджмент жүйесі (БМЖ) енгізілді және сертификатталды, ол келесілерді қамтиды:
- Сапа менеджментінің жүйесі (ISO 9001:2008 халықаралық стандарты);
- Экологиялық менеджмент жүйесі (ISO 14001:2009 халықаралық стандарты);
- Кәсіби қауіпсіздік және еңбек қорғау менеджментінің жүйесі (OHSAS 18001:2007 халықаралық стандарты).
Менеджмент жүйелері бойынша халықаралық стандарттарды енгізу кезінде әдістемелік және кеңестемелік қызметтерді «ARG Group LTD» ЖШС көрсетті.
Сертификациялық аудитті өткізген сертификаттау бойынша органдар:
«Интерсертифика-ТЮФ» ЖШС ТЮФ Тюринген ұйымымен бірге Қазақстан Республикасында (Германия).
«Интерсертифика-ТЮФ» ЖШС ТЮФ Тюринген ұйымымен бірге Қазақстан Республикасында келесі халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестік сертификаттарын берді: ISO 9001:2008, ISO 14001:2009, OHSAS 18001:2007. Осы сертификаттар дүние жүзі бойынша танылатын болып табылады.
БМЖ келесі қажеттіліктерді белгілейді: үш менеджмент жүйесі бойынша Саясатты және Мақсаттарды әзірлеу, жауапкершілікті үлестіру, процестерді жоспарлау, қажетті ресурстарды бөлу, өнімге, процестерге және қызметтерге қойылатын талаптарды белгілеу, талаптарды орындау шарттарын қамтамасыз ету, олардың орындалуын бақылау, қызметті талдау және тұрақты жақсарту.
"МӨЭК" АҚ-да Сапа, қоршаған ортаны қорғау, кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау облысындағы саясат қабылданды. Кәсіпорынның сапа, қоршаған ортаны қорғау, кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау облысындағы мақсаттары жыл сайын қабылданады және рәсімделеді.