Қоғамның ағымдағы қызметін басқаруды алқалық атқарушы орган – Басқарма жүзеге асырады.
«МӨЭК» АҚ Басқармасы 4 мүшеден тұрады:
|
СЫЗДЫҚОВ ҚАСЫМХАН ҒАЛЫМЖАНҰЛЫ - «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ 1987 жылы 3 желтоқсан туылған. Білімі: Екі жоғары энергетикалық білімі бар. 2009 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетін (ҚазҰТЗУ) «Электр энергетикасы»мамандығы бойынша бітірген. 2010 жылы М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша бітіріп, магистр академиялық дәрежесін алды. Жұмыс тәжірибесі: - 2009 жылдың наурызынан қыркүйегіне дейін – «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Абай УЭС әуе электр беру желісін жөндеу бойынша электрмонтеры; - 2009 жылдың қазанынан 2011 жылдың қаңтарына дейін – «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС ЦРЗА релелік қорғанысын реттеу жөніндегі инженері; - 2011 жылдың ақпанынан 2012 жылдың қаңтарына дейін – «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС электр энергиясын есепке алу жөніндегі технигі; - 2012 жылдың ақпанынан қазанына дейін – «Өткізу компаниясы» ЖШС электр энергиясын сату жөніндегі инженері; - 2012 жылдың қарашасыан 2014 жылдың мамырына дейін – «Қазақстандық Коммуналдық жүйелері» ЖШС техникалық бөлімінің маманы, жетекші маманы; - 2014 жылдың маусымынан 2015 жылдың мамырына дейін – «Оңтүстік Энергостройсервис» ЖШС директоры; - 2015 жылдың мамырынан 2017 жылдың қазанына дейін – «ПромСпецСтройПроект» ЖШС директоры; - 2017 жылдың қарашасынан 2020 жылдың наурызына дейін – «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы»АҚ инфокоммуникациялық жүйелері, Жөндеу және баланстар жөніндегі басқарушы директоры; - 2020 жылдың сәуірінен 2022 жылдың қаңтарына дейін – «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ Өткізу жөніндегі коммерциялық директоры; - 2023 жылдың 24 қаңтарынан бастап – «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы»АҚ Басқарма Төрағасының пайдалану жөніндегі орынбасары – Бас инженері. Салалық марапаттар: 2019 жылы Электр энергетикасы саласының дамуына қосқан үлесі мен еңбегі үшін Касымхан Галымжановичқа «Қазақстандық электр энергетикасы қауымдастығының еңбек сіңірген энергетигі» атағы берілді. 2020 жылы Касымхан Сыздыков ГОЭЛРОНЫҢ 100 жылдығына орай мерейтойлық медальмен марапатталды. |
|
|
|
ИСМАГУЛОВА ЭЛЬМИРА БАКЫТЖАНОВНА - «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ 11.05.2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Басқарма Төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, Басқарма мүшесі. Білімі: 2004 жылы Тюмень мемлекеттік мұнай-газ университетін «Отын-энергетика кешені салаларындағы менеджмент» мамандығы бойынша бітірген. 2008 жылдан 2010 жылға дейін Мәскеу бизнес мектебінде оқыды, MBA дипломы бар. 2015 жылы «Сертификатталған қаржы менеджерлері институты» ЖШС «Кәсіби қаржы менеджері» (DipPFM) дипломын алды. Жұмыс тәжірибесі: 2002 жылдың қыркүйегінен 2003 жылдың маусымына дейін – Тюмень мемлекеттік мұнай-газ университеті, мұнай-газ кешенінің энергетика және энергия үнемдеу ҒЗИ технигі. 2004 жылдың қыркүйегінен 2006 жылдың маусымына дейін – «ҚазМұнайГаз Консалтинг»АҚ жаңа жобалар тобы, экономист. 2006 жылғы маусымнан 2007 жылғы маусымға дейін – «ҚазМұнайГаз Консалтинг» ЖШС бағалау тобы, консультант. 2007 жылғы маусымнан 2008 жылғы шілдеге дейін – «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі»АҚ жоспарлау және экономикалық талдау департаментінің аға менеджері/бас менеджері. 2008 жылдың шілдесінен 2013 жылдың маусымына дейін – «Теңіз Бұрғылау» ЖШС экономисті/аға экономисті, «ҚазМұнайТеңіз» АҚ еншілес ұйымы. 2013 жылдың маусымынан 2014 жылдың маусымына дейін – «Бәйтерек «Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ бас менеджері. 2014 жылғы маусымнан 2016 жылғы қаңтарға дейін – «Қазақ мұнай және газ институты»АҚ Экономика және қаржы қызметінің басшысы. 2016 жылдың қаңтарынан 2019 жылдың ақпанына дейін – «Парасат» «ғылыми-технологиялық орталығы» АҚ Экономика және қаржы департаментінің директоры. 2019 жылғы ақпаннан 2023 жылғы наурызға дейін – «Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясы» АҚ қаржы және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры, бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры, экономика департаментінің директоры. Кәсіби тағылымдамалар мен семинарлар: - 2008 жыл маусым - Ernst & Young, «Жоспарлау және бюджеттеу I: бюджеттеу технологиясы»; - 2009 жыл қазан - Ernst & Young, «Тәуекелдер: Компьютерлік модельдеу және болжау»; - 2009 жыл наурыз - Ernst & Young, «I және II қаржылық модельдеу»; - 2010 жыл қыркүйек - Қазақстан-Британ технологиялық университеті, «Жобаларды басқару»; - 2013 жыл желтоқсан - А&M білім беру орталығы, «Ұйымдарды дамыту жоспары: әзірлеу, түзету және орындау»; - 2014 жыл қараша – Кәсіби бухгалтерлерді даярлау орталығы, «1С жүйесіндегі бухгалтерлік есеп: Кәсіпорын»; - 2015 жыл ақпан – Қазақстан-Британ технологиялық университеті, «Бизнес трансформация: стратегия, адамдар және технологиялар»; -2015 жыл қазан – желтоқсан – «Сертификатталған қаржы менеджерлері институты» ЖШС. ICFM халықаралық дипломын алу бағдарламасы (Ұлыбритания): Өнімнің өзіндік құны мен шығындарын есепке алу, Қаржылық менеджмент және қаржылық талдау, Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары; - 2016 жылғы тамыз – «ҚБТУ инжиниринг және ақпараттық технологиялар институты» ЖШС, «Қаржылық модельдеу, шешім қабылдау және тәуекелдерді бағалау». |
|
Карменов Айдын Турсынбекович - «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ 08.12.2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Басқарма Төрағасының дамыту және қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары, Басқарма мүшесі. Білімі: 2016 жылы «Алматы» университетін Экономика және бизнес бакалавры мамандығы бойынша бітірген. 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университетте электроэнергетика мамандығы бойынша оқиды. Жұмыс тәжірибесі: 2005 - 2007 жылдары - №32363 әскери бөлім командирінің орынбасары; 2014-2016 жылдары – «Интерстрой НС» ЖШС директорының орынбасары; 2016-2017 жылдары – «Жетісу» қонақ үйі ЖШС Бас директоры; 2017-2018 жылдары – «Interstroy Engineering» ЖШС Бас директоры»; 2018-2019 жылдары – «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі; 2019-2020 жылдары – «Billing 362» ЖШС директоры; 2020 жылғы маусымнан желтоқсанға дейін – «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы»АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі. |