ТӘУЕЛСІЗ АУДИТОРДЫҢ ЕСЕБІ
«Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» АҚ-ның акционерлеріне
Біз «Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» АҚ-ның (бұдан әрі «Компания») қоса берілген қаржылық есептілігіне аудит жүргіздік, оған 2009 жылдың 31 желтоқсандағы жағдайы бойынша қаржылық жағдайы туралы есебі, сонымен қатар жиынтық табыс туралы есебі, капиталдағы өзгерістер туралы есебі және осы күнмен аяқталған ақшалай қаражаттың бір жылдық қозғалысы туралы есебі, сонымен қатар есептік саясаттың негізгі ережелері және қаржылық есептілікке өзге ескертулері кіреді.
Басшылықтың қаржылық есептілікті дайындауға жауапкершілігі
Компанияның басшылығы қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес осы қаржылық есептілікті жасауға және шынайы ұсынылуына жауапкершілікті көтереді. Бұл жауапкершілікке қате және жосықсыз әрекеттердің нәтижесінде айтарлықтай бұрмаланбаған шынайы қаржылық есептілікті жасаумен және ұсынумен байланысты ішкі бақылау жүйесін әзірлеу, енгізу және қолдау; тиісті есептік саясатты таңдау және қолдану; және негізделген бухгалтерлік бағалаудың мән-жайларын қолдану кіреді.
Аудитордың жауапкершілігі
Біздің міндетіміз бізбен өткізілген аудиттың негізінде ұсынылған қаржылық есептілік туралы пікірді білдіруге негізделген. Біз Аудиттың халықаралық стандарттарына сәйкес аудит жүргіздік. Осы стандарттарға сәйкес біз этикалық нормаларды сақтауымыз керек және қаржылық есептілік айтарлықтай бұрланбағанына жеткілікті деңгейде сенімділік алатындай аудитты жоспарлап, жүргізуіміз керек.
Аудит мақсаты қаржылық есептегі сандық деректер мен ақпараттарға қатысты аудиторлық дәлелдемелерді алу болып табылатын шараларды өткізуді көздейді. Рәсімдерді таңдау жосықсыз әрекеттер мен қателердің нәтижесінде қаржылық есептіліктің айтарлықтай бұрмалану тәуекелін бағалауды қоса, аудитордың кәсіби пайымдауына негізделеді. Жоғарыда аталған тәуекелдерді бағалау процесінде аудитор компанияның ішкі бақылау жүйесінің тиімділігі туралы пікір білдіру мақсатында емес, осы мән-жайларда қажетті аудиторлық рәсімдерді әзірлеу үшін компанияның шынайы қаржылық есептілігін әзірлеумен және ұсынумен байланысты ішкі бақылау жүйесін қарастырады. Сонымен қатар, аудитке қолданылатын есептік саясаттың орындылығын және басшылықпен жасалған бухгалтерлік бағалаудың негізділігін бағалау, сонымен қатар жалпы қаржылық есептілікті ұсынуды бағалау кіреді.
Біз, бізбен алынған аудиторлық дәлелдемелер жеткілікті және тиісті болып табылады және бізге аудитордың пікірін білдіру үшін негіз береді деп есептейміз.
Біз «Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Компания) берілген қаржылық есептілігіне аудит жүргіздік, оған 2007 жылдың 31 жағдайы бойынша бухгалтерлік теңгерім және табыстар мен шығындар, ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы және осы күнмен аяқталған бір жылдық капиталдың өзгерісі туралы тиісті есептер, сонымен қатар есептік саясаттың негізгі қағидаларының қысқаша сипаттамасы мен осы қаржылық есептілікке өзге ескертулер кіреді.
Компанияның басшылығы осы қаржылық есептілікті жасауға және шынайы ұсынылуына және Қаржылық Есептіліктің Халықаралық Стандарттарына сәйкестігі үшін жауапкершілікті көтереді. Бұл жауапкершілікке қаржы есептемесіне ықпал ететін қате және жосықсыз әрекеттердің нәтижесінде айтарлықтай бұрмаланбаған шынайы қаржылық есептілікті жасаумен және ұсынумен байланысты ішкі бақылау жүйесін әзірлеу, енгізу және қолдау; тиісті есептік саясатты таңдау және қолдану; сонымен қатар бухгалтерлік бағалаудың мән-жайларына негізделген қолдану кіреді.
Біз Аудиттың халықаралық стандарттарына сәйкес аудит жүргіздік. Бұл стандарттар аудиторлармен міндетті сақталуды, сонымен қатар қаржылық есептілік айтарлықтай бұрмаланбағаны туралы жеткілікті сенімділікті алу мақсатында аудитты жоспарлауды және өткізуді талап етеді.
Компанияның есептік саясатына сәйкес негізгі құралдар қайта бағаланған құн бойынша көрсетілген. Негізгі құралдарды алдыңғы қайта бағалау 2003ж. өткізілді. 2007 жылы мақұлданған қайта бағалау бойынша түзетудің айтарлықтай сомасы үшін біз 2006 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдайы бойынша негізгі құралдардың теңгерімдік құны олардың әділ құнынан айырмашылығы болды ма, оған көз жеткізе алмадық.
Біздің ойымызша, жоғарыда аталған параграфта сипатталған мәселенің ықпалын қоспағанда, қаржылық есептілік барлық маңызды аспектілерінде 2007 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдайы бойынша Компанияның қаржылық жағдайын, сонымен қатар оның қаржылық нәтижелерін және Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес осы күнмен аяқталған бір жылдық ақшалай қаражатының қозғалысын шынайы бейнелейді.
«Делойт» ЖШС
№0000015 аудиторлық лицензия
типі МФУ-2,Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен 2006 жылдың 13 қыркүйегінде берілді.
_____________________________________________________
Біз «Маңғыстау Электртораптық Бөлу Компаниясы» Акционерлік Қоғамының (бұдан әрі - «Компания») қаржы есептемесіне аудит өткіздік, оған 2006 жылдың 31 желтоқсаны жағдайы бойынша бухгалтерлік теңгерім және пайдалар мен шығындар, ақша қаражатының қозғалысы және осы күнмен аяқталған бір жылдық капиталдағы өзгерістер туралы тиісті есептер, сонымен қатар есептік саясаттың негізгі қағидаларын қысқаша сипаттау және осы қаржы есептемесіне өзге ескертулер кіреді.
Компанияның басшылығы осы қаржы есептемесінің Қаржы есептемесінің Халықаралық стандартына сәйкес дайындалуына және әділ ұсынылуына жауапкершілікті көтереді. Бұл жауапкершілікке қаржылық алаяқтық немесе қатенің нәтижесінде елеулі бұрмалаудан тұрмайтын, тиісті есептік саясатты таңдау және қолдану, сонымен қатар негізді бухгалтерлік бағалауларды қолдану арқылы ішкі бақылау жүйесін құру, енгізу және қолдау кіреді.
Біз Халықаралық аудиттің стандарттарына сәйкес аудит өткіздік. Бұл стандарттар аудиторлармен этикалық нормалардың сақталуын, сонымен қатар қаржы есептемесі елеулі бұрмаланудан тұрмайтынына жеткілікті шамада сенімділік алу мақсатында аудитті жоспарлауды және өткізуді талап етеді.
Біздің ойымызша, бұл қаржы есептемесі барлық елеулі аспектілерде Компанияның 2006 жылдың 31 желтоқсаны жағдайы бойынша қаржылық жағдайын, сонымен қатар оның шаруашылық қызметі нәтижелерін және осы күнмен аяқталған жылға ақшалай қаражаттың қозғалысын Қаржы есептемесінің халықаралық стандартына сәйкес шынайы көрсетеді.
«Делойт» ЖШС
Аудиторлық лицензия № 0000015
Типі ХҚЕ-2, Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігімен 2006 жылдың 13 қыркүйегінде берілді.
2014 жылға сыртқы аудит туралы ақпарат
2013 жылға сыртқы аудит туралы ақпарат