«МӨЭК» АҚ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ

 

«МӨЭК» АҚ Жарғысының 9 бабына сәйкес «МӨЭК» АҚ органдары:

1) жоғары орган – Акционерлердің жалпы жиналысы;

2) басқару органы – Директорлар кеңесі;

3) алқалы атқарушы орган – Қоғамның Басқарма Төрағасымен басқарылатын Басқарма;

4) Директорлар кеңесінің шешімімен Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асыру үшін Ішкі аудит қызметі түзілуі мүмкін.

жоғары орган – «МӨЭК» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысы болып табылады.

Акционерлердің жалпы жиналысының ерекше құзыретіне келесі мәселелер жатады:

1) Жарғыға өзгерістер мен толықтыруларды енгізу немесе оны жаңа редакцияда  бекіту;

2) Корпоративтік басқару кодексін, сонымен қатар оған өзгертулер мен толықтыруларды бекіту немесе оны жаңа редакцияда бекіту ;

3) Қоғамды ерікті түрде қайта құру немесе тарату;

4) Қоғамның жарияланған акцияларының санын арттыру немесе Қоғамның орналастырылмаған жарияланған акцияларының түрін өзгерту туралы шешімді қабылдау;

5) Қоғамның бағалы қағаздарын айырбастау шарты мен тәртібін анықтау, сонымен қатар оларды өзгерту;

6) Қоғамның қарапайым акцияларына айырбасталатын бағалы қағаздарды шығару туралы шешімді қабылдау;

7) бір түрдегі орналастырылған акцияларды екінші түрдегі акцияларға ауыстыру туралы шешімді қабылдау, мұндай ауыстыру шарты мен тәртібін анықтау;

8) есептік комиссияның сандық құрамы мен өкілеттік мерзімін анықтау, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату;

9) Қоғамға аудитті жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды анықтау;

10) Қоғамның Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін анықтау, оның төрағасын, мүшелерін сайлау және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату,  сонымен қатар Қоғамның Директорлар кеңесінің және Қоғамның Директорлар кеңесі комитетінің отырыстарында Директорлар кеңесі мүшелерінің қатысуымен байланысты шығындарды  және Директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақыларды төлеу шарты мен көлемін анықтау;

11) Қоғам Басқармасының өкілеттілік мерзімін, сандық құрамын анықтау, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сонымен қатар Қоғамның Басқарма Төрағасының өкілеттіктерін тағайындау және мерзімінен бұрын тоқтату;

12) Қоғам Басқармасы Төрағасының және мүшелерінің лауазымдық жалақыларының көлемін және еңбекақы төлеу және сыйақы беру  талаптарын анықтау;

13) Қоғам Басқармасының  Төрағасына және мүшелеріне басқа ұйымдарда жұмыс істеуге келісім беру туралы шешімді қабылдау;

14) Қоғам жұмыскерлерінің тізімін бекіту, оларды тағайындау және келісімдеу Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысымен жүзеге асырылады;

15) жылдық қаржы есептемесін бекіту;

16) бекітілген штаттық санның шеңберінде, Қоғамның директорлар кеңесінің және Ішкі аудит қызметінің хатшылығының штаттық кестесін қоспағанда, Қоғам жұмыскерлерінің жалпы санын, ұйымдық құрылымын және штаттық кестесін бекіту;

17) Қоғамның кадрлық саясатын бекіту;

18) қызметтік жеңіл автомобильдердің орындылық нормативтерін және әкімшілік аппаратты орналастыру үшін алаңның нормаларын анықтау;

19) қызметтік іссапарларға жіберілетін Қоғам жұмыскерлерінің шығындарын өтеу тәртібі мен талаптарын анықтау;

20) Жұмыскерлерге мобильдік байланысты, өкілдіктік шығындардың лимиттерін қолдану құқығын ұсынған кезде, Қоғамның қаражаты есебінен өтелетін шығындардың лимитін анықтау;

21) есептік қаржы жылына Қоғамның таза табысын бөлу тәртібін бекіту, қарапайым акциялар бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешім қабылдау және жылдың қорытындысы бойынша Қоғамның бір қарапайым акциясына дивиденд көлемін  бекіту, дивидендтерді төлеу шарты, әдісі мен тәртібін анықтау;

22) Қоғам акциясының ерікті делистингі туралы шешімді қабылдау;

23) Қоғамның қарапайым және/немесе артықшылығы бар акциялары бойынша дивидендтерді төлемеу туралы шешімді қ абылдау;

24) Қоғамға тиесілі  активтердің барлығынан жиырма бес және одан көбін  құрайтын сомада, активтердің бөлігін немесе бірнеше бөлігін беру арқылы Қоғамның өзге заңды тұлғаларын құру немесе қызметіне қатысу туралы шешімді қабылдау;

25) Қоғам Заңға сәйкес  акцияларды сатып алғанда, олардың құнын анықтау әдістемесін бекіту, сонымен қатар әдістемеге өзгерістерді бекіту;

26) Акционерлердің Жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту;

27) Қоғамның Жарғысымен белгіленген, Қоғамның қызметі туралы ақпаратты акционерлерге ұсыну тәртібіне қойылатын қосымша талаптарды анықтау және оларды болдырмау, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын анықтау;

28) Қоғамның Директорлар кеңесі туралы ережені бекіту;

29) Қоғам қызметінің артықшылығы бар бағыттарын анықтау;

30) Қоғамның даму стратегиясын, Қоғамның даму жоспарын бекіту, сонымен қатар Қоғамның даму стратегиясын іске асыруға мониторингті жүзеге асыру,  Қоғамның даму жоспарын орындау;

31) Қоғам Басқармасының мүшелері үшін қызметтің ынталандыратын негізгі көрсеткіштерін бекіту, сонымен қатар оларға қол жеткізуге мониторингті жүзеге асыру;

32) ҚР заңнамасына сәйкес Қоғамның жұмыскерлеріне, қызметіне сәйкестігіне аттестация жүргізу шарты мен тәртібін бекіту және кадрлық қорды қалыптастыру, сонымен қатар міндетті аттестациялануы тиіс жұмыскерлердің тізімін бекіту;

33) шешім қабылдау Заңмен және (немесе) Жарғымен Акционерлердің жалпы жиналысының ерекше құзыретіне жатқызылатын өзге мәселелер.

 

Басқару органы«МӨЭК» АҚ директорлар кеңесі.

Директорлар кеңесінің ерекше құзыретіне келесі мәселелер кіреді:

1) Қоғамның даму стратегиясын мақұлдау және кейін Акционерлердің жалпы жиналысының қарауына шығару;

2) Қоғам Акционерлерінің жалпы жиналысын жылдық және кезектен тыс  шақыру туралы шешімді қабылдау;

3) корпоративтік басқару кодексін алдын ала қарастыру және Акционерлердің жалпы жиналысының қарауына шығару;

4) Қоғамның жалдық қаржы есептемесін алдын ала бекіту және оны Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысымен алдын ала  бекітілуге шығару;

5) Қоғамның даму жоспарын алдын ала бекіту (бес жылдық қаржылық және бизнес жоспарын, нақтыланған жылдық бюджетті) және  оны Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын бекітуге шығару;

6) орналастыру (өткізу) туралы, сонымен қатар орналастырылатын (өткізілетін) акциялардың көлемі,   әдісі және оларды орналастыру (өткізу) бағасы туралы шешім қабылдау;

7) Қоғаммен орналастырылған акцияларды немесе басқа бағалы қағаздарды  сатып алу және оларды сатып алу бағасы туралы шешімді қабылдау; Қоғамның облигацияларын және өндірістік бағалы қағаздарын шығару талаптарын анықтау, сонымен қатар оларды шығару туралы шешім қабылдау;

8) Қоғамның Ішкі аудит қызметінің өкілеттік мерзімін, сандық құрамын анықтау, оның басшыларын және Қоғамның Ішкі аудит қызметі жұмыскерлерін тағайындау, сонымен қатар олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, Қоғамның Ішкі аудит қызметінің жұмыс тәртібін, Қоғамның Ішкі аудит қызметінің жұмыскерлерінің жалақысы мен сыйақысының көлемі мен төлеу шартын анықтау;

9) Ішкі аудит қызметінің жылдық аудит жоспарын бекіту;

10) Ішкі аудит қызметінің тоқсандық және жылдық есептерін қарау және олар бойынша шешімдерді қабылдау;

11) Қоғамның Ішкі аудит қызметінің тиімділігін бағалау;

12) Қоғамның корпоративтік хатшысын тағайындау, құзыретінің мерзімін анықтау, оның құзыретін мерзімінен бұрын тоқтату, сонымен қатар Қоғамның Корпоративтік хатшысының лауазымдық жалақысы мен сыйақы беру   шарттарын анықтау;

13) Корпоративтік хатшы туралы ережені бекіту;

14) Корпоративтік хатшының, Ішкі аудит қызметінің негізгі көрсеткіштерін б екіту;

15) аудит бойынша комитті және Қоғамның директорлар кеңесінің басқа комитеттерін құру және құрамын анықтау, олар туралы ережелерді бекіту, Қоғамның директорлар кеңесінің комитеттерінің мүшелерін сайлау;

16) Қоғамның директорлар кеңесінің комитеттері туралы ережелерді бекіту;

17) Қоғамның омбудсменін тағайындау және құзыреттілігін мерзімінен бұрын тоқтату, сонымен қатар ол туралы ережені бекіту;

18) Қоғамның, Қоғамның Директорлар кеңесі қоғамы комитеттерінің, Қоғам Басқармасының, Ішкі аудит қызметінің тиімділігін бағалау жүйесін бекіту;

19) Қоғамның жұмыскерлеріне жалақы төлеу және жалақы төлеу сұлбасы  туралы ережені бекіту;

20) қаржы есептемесіне аудит жүргізгені үшін аудиторлық ұйымның қызметіне, сонымен қатар Қоғамның акциясын төлеу үшін берілген немесе ірі келісімнің пәні болып табылатын мүліктің нарықтық құнын бағалау бойынша бағалаушының қызметіне төленетін ақы көлемін анықтау;

21) Қоғамның филиалдары мен өкілдіктерін құру және жабу туралы шешім қабылдау және олар туралы ережелерді бекіту;

22) Қоғаммен басқа заңды тұлғалардың акцияларының он және одан көп пайызын сатып алу туралы шешімді қабылдау (жарғылық капиталға қатысу үлесі), сонымен қатар олардың қызметі мәселелері туралы шешім қабылдау;

23) Қоғамның міндеттемелерін оның жеке капиталы көлемінің  он және одан артық пайызын құрайтын шамаға арттыру туралы шешімді қабылдау;

24) Қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын Қоғам немесе оның қызметі туралы ақпаратты анықтау;

25) ірі келісімдерді жасасу туралы және жасасуға Қоғамның мүддесі бар келісімдер жасасу туралы шешім қабылдау, Қоғам Басқармасының шешімімен қабылданатын келісімдерді қоспағанда;

26) алдағы жылға Директорлар кеңесінің Жұмыс жоспарын бекітуі ;

27) Қоғамның директорлар кеңесі туралы ережені қоспағанда, Қоғамның директорлар кеңесінің қызметін реттейтін құжаттарды бекіту;

28) Қоғам басқармасы туралы ережені және Қоғамның ішкі қызметін реттейтін құжаттарды бекіту (Басқармамен Қоғамның қызметін ұйымдастыру мақ сатында қабылданатын құжаттарды қоспағанда), соның ішінде аукциондарды өткізу және Қоғамның бағалы қағаздарына қол қою шарты мен тәртібін белгілейтін ішкі құжатты, сонымен қатар оларға өзгертулерді немесе толықтыруларды енгізу немесе оларды жаңа редакцияда бекіту;

29) Іскери этика кодексін  бекіту және оның қағидаларын сақтауды қамтамасыз ету;

30) есептік саясатты бекіту;

31) Қоғам жұ мыскерлерінің лауазымдарының тізімін бекіту, тағайындау (келісімдеу) немесе Директорлар кеңесімен жүзеге асырылатын  тағайындауларды (сайлауды) келісімдеу;

32) Қоғамның резервтік капиталын қолдану тәртібін анықтау;

33) ақпараттық қауіпсіздік саясатын бекіту;

34) Қоғамның тәуекелдерді басқару, тиімділіктің сақталуын және талдануын қамтамасыз ету бойынша ішкі рәсімдерін бекіту, сонымен қатар оларға өзгерістер мен толықтыруларды енгізу;

35) тәуекелдерді басқару және Қоғамдағы ішкі бақылау жүйесін реттйетін өзге құжаттарды бекіту, сонымен қатар тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің тиімділігін бағалау;

36) Қоғамның  Акционерлерінің жалпы жи налысының ерекше құзыретіне жатпайтын, Заңмен және Жарғымен қарастырылған өзге мәселелер.

 

атқарушы орган – «МӨЭК» АҚ Басқармасы.

 

«МӨЭК» АҚ Басқармасы өз қ ызметін «МӨЭК» АҚ Басқармасы туралы Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

Басқарманың құзыретіне келесі мәселелер жатады:

1) Қоғамның мақсатына қол жеткізуге бағытталған шешімдерді қабылдау;

2) Қоғамның даму жоспарын (бес жылдық қаржылық және бизнес-жоспарды), нақтыланған жылдық бюджетті әзірлеу, мақұлдау және Директорлар кеңесіне ұсыну;

3) Директорлар кеңесін Қоғамның тәуекелдерді басқару жүйесіндегі елеулі кемшіліктер туралы уақытылы ескерту; 

4) Қоғамның Директорлар кеңесімен бекітілетін құжаттарды қ оспағанда, Қоғамның қызметіне бағытталған ішкі құжаттарды бекіту ;

5) акционерлерге жоспарланғанның алдындағы жылының 20 (жиырмасыншы) наурызына дейін Қоғамның акциялары бойынша болжамды көрсеткіштерін ұсыну;

6) Қоғаммен келісім немесе өзара байланысты келісімдердің жиынтығын жасасу туралы шешім қабылдау, оның нәтижесінде Қоғаммен құны Қоғамның активтерінің теңгерімдік құнының жалпы  мөлшерінен жиырма бес пайыздан кем немесе екіден артық пайызды құрайтын, мүлік сатып алынады немесе иеліктен шығарылады, Жарғыға сәйкес шешімді Басқарма Төрағасы қабылдайтын келісімдерді қ оспағанда;

7) Директорлар кеңесінің, Акционерлердің жалпы жиналысының шешімдерінің, жылдық  қаржы есептемесіне аудит жүргізетін аудиторлық ұйымның ұсыныстарын, сонымен қатар Ішкі аудит қызметінің ұсыныстарының орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

8) Қоғамның меншігіне қатысты заңсыз әрекеттерді тудыратын жағдайларды және себептерді анықтау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

9) Акционерлердің жалпы жиналысының және Директорлар кеңесінің құзыретіне жатқызылмаған, ҚР заңнамасымен және Жарғымен қарастырылған өзге мәселелер.

 

Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды, ішкі бақ ылау саласында бағалауды, тәуекелдерді басқаруды, корпоративтік басқару саласында ғы құжаттарды орындау және Қоғамның қызметін жетілдіру мақсатында кеңес беруді жүзеге асыратын орган – Ішкі аудит қызметі.


Ішкі аудит қызметі «МӨЭК» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі бойынша құрылуы мүмкін.