1962 жылы Қазақ КСР Энергия министрлігінің құрылуымен электрлік станцияларды және жеке энергетикалық түйіндерді ірі энергетикалық жүйелерге біріктірулер басталды, бұл жұмыстар іс жүзінде 1971 жылдың басында аяқталды. Осы уақыттан бастап республиканың энергетикалық базасының жылдам өсуі басталды, бұл процестің айқындаушы факторы салалық басқару жүйесіне ауысу болды.
Кейін 60-шы жылдарда Маңғышлақта мұнай өндірісінің қарқынды игерілуімен өзінің энергетикалық базасы құрыла бастады.
Ұзақ уақыт бойы өңірдің энергетикасы автономды дамыды және осы өңірдегі қуат өндіретін жалғыз қайнаркөз Маңғышлақ атомдық энгергетикалық зауыты (МЭЗ) оқшау жұмыс жасады, оның іс жүзінде басқа станциялармен жүйеаралық байланысы болған жоқ.
Және тек 1988 жылы Ақтау-Бейнеу-Тенгиз 220 кВ кернеуіне есептелген электр берілісінің жүйеаралық желісінің пайдалануға енгізілуі Маңғышлақ атомдық энгергетикалық зауытына (МЭЗ) республиканың барлық энергетикалық жүйесімен параллель жұмыс жасауға мүмкіндік берді.
Маңғышлақ электрлік тораптар кәсіпорны (МЭТК) 1966 жылы «Казахстаннефть» бірлестігі құрамында ұйымдастырылды.
19.03.1967 жылы Маңғышлақ электрлік тораптар кәсіпорны (МЭТК) «Мангышлакнефть» ӨБ құрамында «Гурьевэнерго» АЭШБ құрамына табысталды.
Кәсіпорын әрекет еткен жылдары еңбек ұжымымен біздің облысты жаппай электрлендіру бойынша шынымен баға жетпес жұмыс жасалды. Бүгінгі күні облыс картасында электрлік тораптар өткізілмеген ешбір елді мекен жоқ.
Маңғышлақ электрлік тораптар кәсіпорны әрекет еткен уақытта жаңа тораптарды пайдалануға енгізу бойынша, тораптардың пайдалану деңгейін, жұмыс жасау сенімділігін жоғарылату бойынша үлкен жұмыс жасалды.
Бірінші «Өзен» 110/35/6кВ қосалқы станциясы 1965 жылы салынып, пайдалануға енгізілді (қазір бұл «Городская» ҚС), екінші қосалқы стания 1966 жылы Жетібай кентінде жұмысқа енгізілді.
Осы 1973 жылы келесі объектілер пайдалануға енгізілді:
Шевченко-Жетібай ІЖ-110кВ - 72 км, 16000 кВа трансформаторлар № 3 ҚС-да. Шевченко-Жетібай, Жетібай-Өзен жоғары жиілікті байланыс арнасы енгізілді. Ұзақтығы 57 км болатын Шевченко-Ералиево 110 кВ электр берілісінің желісі, әрқайсысы 10000 кВа есептелген екі трансформаторы бар «Ералиево» 110/бкВ қосалқы станциясы.
1974 жылы қосалқы станциялар мен 110 -0,4кВ ілінбе желілер ұзақтығының кезекті артуы орын алды. Әрқайсысы 4000 кВа есептелген екі трансформаторы бар 35/6кВ қосалқы станция пайдалануға енгізілді (құс фабрикасы). «Жетібай» №14 110/35/6кВ қосалқы станциясында 40500 кВа трансформатор орнатылды. Жалпы орнатылған қуаты 62600 кВа құрайтын 110/35/6кВ екітрансформаторлық қосалқы станциялар балансқа қабылданды (Маңғышлақ станциясында «ПТБ» -12600 кВа, «Өнеркәсіптік аймақ» ҚС № 11 - 50000 кВа «Өзен» кен орнында)
1975 жылы ұзақтығы 49 км құрайтын 10 кВ ілінбе желілер, ІЖ-0,4кВ - 14 км пайдалануға қабылданды, сонымен қатар орнатылған қуаты 2700 кВа құрайтын 12 қосалқы станция бар Жетібай ст. кентіндегі энергетикалық шаруашылық балансқа қабылданды.
1976-77 жылдары МЭТК балансына ҚС 35кВ және ІЖ-35кВ бар «Жетыбайнефть» МГӨБ энергетикалық шаруашылығы толық көлемде қабылданды.
Жедел-диспетчерлік қызметте «Өзен» және «Жетібай» кен орындарының электрлік тораптарына қызмет көрсететін екі жедел-шығу бригадасы бар.
1978-79 жылдары орнатылған қуаты 73000 кВа құрайтын ІЖ-110кВ, ҚС-110/35/6кВ - 1 дн., 110/бкВ - 2 дн., ТҚС-6-35/0,4кВ - 11 дн. пайдалануға енгізілді.
«Қаражанбас» және «Қаламқас» ТТҚС ірі қосалқы станциялары пайдалануға енгізілді.
Күшейту бөлшектерін ауыстыра отырып, ВМ-35кВ ажыратқыштарын жаңғырту жүргізілді және электр қуатының шығындарын азайту мақсатында кернеудің автоматты реттегіштері (ТКАР) енгізілді.
1980-81 жылдары – қуаттардың енгізілуінің өсуі жалғасуда, «Таушық», «Өмірзақ», «Ақжігіт» 110/10кВ төмендеткіш қосалқы станциялары пайдалануға енгізілді. «Қаламқас-1» 110/35/6кВ ҚС-да қуаты 10 мың кВа. құрайтын екінші трансформатор жұмысқа енгізілді.
Маймен толтырылған жабдыққа қызмет көрсету сапасын жоғарылату үшін цеолиттік қондырғыны қолдана отырып трансформаторлық майды кептіру енгізілді. Электрлік тораптардың сенімділігін қамтамасыз ету үшін ВМГ-110 типті МВ-110кВ жабдығын НРБ өндірісінің ММО-110кВ жабдығына ауыстыру жүргізілді.
Мердігер ұйымдармен 220 кВ габариттеріндегі «Өмірзақ» ҚС-110/6кВ және Шевченко-Қаражанбас ІЖ-110кВ объектілері пайдалануға тапсырылды.
Осы жылдары кәсіпорын бойынша 6-10кВ фидерлер АҚҚ, АРҚ құрылғыларымен жабдықталады.
ЭТК-да орталық диспетчерлік пункт және Өзен және Бозашы АЭТ-да аудандық диспетчерлік қызметтер құрылды.
1982-83 жылдар барысында МЭТК-да көп жаңа техника енгізілді: «Өзен» ОТП ИИСЭ-1-48 автоматты ақпараттық-өлшеуіш есепке алу жүйесі, ШД-5 диспетчерлік қалқаны, ПДД-4 пульты, ЭДТС-66, МИГ-21 коммутаторы пайдалануға енгізілді. «Қаламқас» ҚС-да «КУСТА» типті ТМ аппаратурасы орнатылды
1984-87 жж. кезеңінде өндірісті жаңғырту және жаңа тораптарды пайдалануға енгізу жалғасын тапты. Жалпы ұзақтығы 140 км болатын ІЖ-220,110кВ балансқа қабылданды.
Шевченко-Өзен Л-У-1 ІЖ-220 кВ желісінде зақымдану жерлерін анықтау үшін СИТА аспаптары орнатылды, Өзен-220кВ және ЖЭС-3 нысандарында АНКА-14, АВПА аварияға қарсы автоматикасы іске қосылды.
МЭТК ДМ және «Аэропорт» ҚС-да TM-800 типті телесигналдау құрылғысы орнатылды.
1988 жылы Ақтау-Бейнеу-Тенгиз ІЖ-220кВ транзиттік желісі пайдалануға енгізілді, бұл Маңғышлақ атомдық-энергетикалық комбинатын Республиканың Батыс энергетикалық түйнінің бірыңғай энергетикалық жүйесімен байланыстыруға мүмкіндік берді.
1989-90 жылдары «Карамандыбас—1,2» және «Плато-1.2» ҚС-да ЕТС*1М электр қуатын есепке алудың қосындылау құрылғысы орнатылды. ПУВМ-АТ типті дербес ЭЕМ енгізілді және пайдалануда. «Гранит» телемеханикалық кешенін баптау бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Өзен» ҚС-220кВ қосалқы станциясында ЭПО-1077 қорғаныстар панельдерін ПДЭ-0301 маркасына жаңғырту жүргізілді. РОДЦ 500 кВ реакторлары бар «Бейнеу-220кВ» ҚС Т-1 63 мың кВа трансформаторы пайдалануға енгізілді.
1991-92 жылдары үдемелі технологияны енгізу, жабдықты жаңғырту, өндірістік процестерді механикаландыру және автоматтандыру бойынша жоспарға сай, «Бейнеу-220кВ», «Бейнеу-110кВ» ҚС-да АВС-1 жоғары вольтті байланыс аппаратурасы, ТЭС-3 станциясында ШП-2701,03 аварияға қарсы автоматика пайдалануға енгізілді. «Бейнеу-220кВ» ҚС-да ЦТ-5000 электр қуатын есепке алудың автоматты жүйесі енгізілді. «Гранит» телемеханикалық кешенді баптау аяяқталды. Барлық АЭТ-да УНК-1 (әмбебап өлшеуіш жиынтық) енгізілді.
«Бейнеу-220 кВ» ҚС-да РОДЦ-500 кВ реакторы бар екінші 63 мың кВа трансформаторы жұмысқа енгізілді, кәсіпорынның оқу-жаттықтыру полигоны салынды.
1991 жылы Қазақ КСР Энергетика министрлігі алқасының шешімімен оқу-жаттықтыру полигонында «Таратулық тораптар электрмонтерлерінің республикалық байқау-конкурсы» өткізілді, мұнда МЭТК Жетібай АЭТ бригадасы бірінші ұтысты орынды иеленді.
Қазақ КСР Энергетика министрлігінің бұйрығымен бірінші орын алғаны үшін Жетібай АЭТ шебері А. Бектуровқа, және МЭТК директорының орынбасары Т. Ыкласовқа – байқау-конкурсты жоғары дәрежеде ұйымдастырғаны үшін «Жигули» маркасының жеңіл автокөліктері табысталды.
1993-94 жылдары – келесі қуаттар пайдалануға енгізілді:
ҚС-35 кВ және жоғары - 1 х 25 мың кВа.
ІЖ-10кВ - 30 км
ІЖ-0,4кВ - 17 км
Баспана -1384кв.м.
объектілер: ІЖ-110кВ және «Түп-Қараған» ҚС, 25 км ІЖ-бкВ «База отдыха» ҚС-нан, ІЖ-10кВ және 0,4кВ «Каракумский» с-зы қыстағын электр қуатымен жабдықтау үшін.
1995-96 жылдар кезеңінде келесілер пайдалануға енгізілді: жабық трансформаторлық қосалқы станциялар - 6 дн., түйіннен МЭТК дейінгі 9,15 км жылулық тораптар, «Тұщықұдық» ҚС-35/10кВ жанындағы қызметтік тұрғын үй, Ералиев ауданының қосалқы шаруашылықтарына арналған ІЖ-6кВ – ұзақтығы 8 км, Қызыл-Төбе кентіндегі екі ЖТҚС, «Шайыр»-35/10кВ ҚС – қолжетімділігі қиын таулы жерде салынған.
250000 кВа автотрансформаторлары жұмысының сенімділігін жоғарылату үшін «Өзен» №9 ҚС-да 2 дн. ВМТ -220 кВ құрастырылды.
Нарықтық қатынастардың дамуына және қалыптасуына байланысты 1995 жылы МЭТК-да өндірістік басқарылуының ішінара қайта құрылуы жүргізілді. Штатқа экономика және коммерция, бухгалтерияның, жоспарлық-экономикалық бөлімнің, энергияны өткізу бөлімінің қызметін үйлестіру бойынша, кәсіпорынның экономикалық және қаржылық көрсеткіштерін жоспарлауды жетілдіру бойынша директор орынбасарының бірлігі енгізілді.
03.04.95ж. № 23 ҚР Энергетикалық министрлігінің бұйрығына сәйкес МАЭК құрамында «Атырауэнерго» ұйымынан МЭТК табыстау жүргізілді.
1996 жылғы 20 қыркүйекте кәсіпорынмен және ҚР Мемлекеттік мемлекеттік мүлікті басқару бойынша комитетімен жасалған № Ш-1М-96 шарт негізінде Маңғыстау ЭТК «Маңғыстау Өңірлік Электртораптық Компаниясы» акционерлік қоғамына түрлендірілді.
2005 жылғы мамыр - «МӨЭК» АҚ Қазақстандық қор биржасының (KASE) қаржылық емес секторының эмитенттері арасында бірінші болып облигациялық бағдарламаны тіркеді, ол бойынша 2012ж. дейін 9,86 млрд. теңге көлемінде қарыз қаражатты тарта отырып, облигацияларды орналастыру қарастырылады.
2006 жыл – құрылған күнінен бастап 40 жыл
2008 жыл – «МӨЭК» АҚ «Самұрық-энерго» АҚ холдингіне кірді
2008 – 2011 жж. ОДҚ үшін бірқабатты үй-жайды жапсыра сала отырып, Ақтау АЭТ 2-қабаттық ғимаратын, «Баутино» 110/10 кВ ҚС-нан ІЖ-10 кВ бар Баутино ТП, Шетпе АЭТ әкімшілік ғимаратын капиталдық жөндеу, Шетпе 35/10кВ ҚС 2х10 МВА трансформаторларын ауыстыру, Қаражанбас ТТҚС 220/110/35 кВ ҚС Дунга-Таушық-Куйбышево ІЖ-35 кВ бар Таушық, Куйбышево, Дунга 35/10 кВ ҚС қайта құру (220кВ кернеуіне ауыстыру). Толық даму. ЭКЕАЖ енгізу. 1-ші кезең ЭКЕАЖ енгізу. 2-ші кезең, Жетібай ҚС-да 2 күштік ТДТН-25000кВА трансформаторын ТДТН-40000/110-У1 трансформаторларына ауыстыру, Жетібай ҚС-да 2 элегаздық ажыратқыштарды ауыстыру, Шығыс Өзен АЭТ ҚС ВГБЭ-35кВ ажыратқыштарын ауыстыру, Бейнеу 110/35/6 кВ ҚС қайта құру, Өмірзақ 110/6-10 кВ ҚС қайта құру, Бозашы АЭТ Өнеркәсіптік аймақ 110/6кВ ҚС-да ЖТҚ-6кВ ұяшықтарын ауыстыру, Ақжігіт 35/10кВ ҚС-да СЖТҚ-10кВ ауыстыру, Шетпе к. СЖТҚ-10кВ жабдығын ТП-10кВ жабдығына ауыстыру.
2011-2014 жж. Өзен 220кВ ҚС-да ВМТ-220кВ ажыратқыштарын элегаздық ажыратқыштарға ауыстыру, 110/35/6 кВ "Қаламқас" 110/35/6 кВ ҚС-да вахталық қалашығын салу, СЖТҚ-6 кВ ауыстыра отырып Северная 110/35/6 кВ ҚС қайта құру, Қосымша тіректерді орната отырып Л-Сай-Утес-1,2 ІЖ-110кВ қайта құру, "Қарамандыбас 110/6 кВ ҚС-да ОД/КЗ-110 кВ жабдығын элегаздық ажыратқыштарға ауыстыру", "Термальная 110/6 кВ ҚС-да ОД/КЗ-110 кВ жабдығын элегаздық ажыратқыштарға ауыстыру", «Жетібай ҚС 6 кВ 1-ші ш.с. ЖТҚ ауыстыру", БКНС-2 35/6 кВ ҚС-да СЖТҚ-6 кВ жаңғырту, БКНС-3 35/6 кВ ҚС-да СЖТҚ-6 кВ жаңғырту, БКНС-5 35/6 кВ ҚС-да СЖТҚ-6 кВ жаңғырту, Асар 35/6 кВ ҚС-да СЖТҚ-6 кВ жаңғырту, "МӨЭК" АҚ объектілерінде жұмыстарды аяқтау және жоғары деңгейлі ЭКЕАЖ жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға тапсыру, КС-Өзен 110/6 кВ ҚС-да ОД/КЗ-110 кВ жабдығын элегаздық ажыратқыштарға ауыстыру, Теңге ҚС-да ОД/КЗ-110 кВ жабдығын элегаздық ажыратқыштарға ауыстыру, БКНС-4 35/6 кВ ҚС-да СЖТҚ-6 кВ жаңғырту, "Карьерная" 35/6кВ ҚС-нан Жетібай ТП СЖТҚ-6кВ дейін ұзақтығы 2 км болатын ІЖ-6кВ салу.
2012 жыл – Қоғамда біріктірілген менеджмент жүйесі (БМЖ) әзірленді және енгізілді.
2014 жылғы желтоқсан – БМЖ бірінші бақылау аудиті сәтті өтті, оның қорытындылары бойынша берілген сертификаттардың әрекеті ұзартылды.
2015 жыл - «МӨЭК» АҚ-ға энергетикалық менеджментін енгізу
2015 жыл - ТҚ-10кВ жаңғырта отырып «Ақшұқыр» ҚС-110/6 кВ қайта құру, Қаражанбас-2 ҚС 110/6 кВ қосалқы станциясында ОД/КЗ-110 кВ жабдығын элегаздық ажыратқыштарға ауыстыру, ПТВ ҚС 110/6 кВ қосалқы станциясында ОД/КЗ-110 кВ жабдығын элегаздық ажыратқыштарға ауыстыру, Форт ҚС 110/35/10 кВ қосалқы станциясында ОД/КЗ-110 кВ жабдығын элегаздық ажыратқыштарға ауыстыру, Карьерная ҚС 35/6 кВ қосалқы станциясында ОД/КЗ-35кВ жабдығын элегаздық ажыратқыштарға ауыстыру.
Осылайша барлық ҚС-110/35 кВ қосалқы станциясында ОД/КЗ жабдығын элегаздық ажыратқыштарға ауыстыру аяқталды, бұл тұтынушыны электр қуатымен жабдықтау сенімділігінің жоғарылауына алып келді.
2015 жыл Өңірлік диспетчерлік орталықты ашу - Өңірлік диспетчерлік орталық Маңғыстау облысының энергетикалық жүйесінің үздіксіз, кепілді және сенімді әрекет етуін келесілер арқылы қамтамасыз етеді:
- барынша тиімді жоспарлау және режимдерді басқару үшін жағдайлар жасау;
- жедел-диспетчерлік басқару жүйелерінің сенімділігін, және үздіксіздігін жоғарылату;
- «МӨЭК» АҚ технологиялық кешенін дамыту.
2016 жыл - «МӨЭК» АҚ перспективалық өсуінің 50 жылы.