"МАҢҒЫСТАУ ӨҢІРЛІК ЭЛЕКТРТОРАПТЫҚ КОМПАНИЯСЫ" АҚ СТРАТЕГИЯСЫ

 

2013 жылғы 08 тамызда «МӨЭК» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысымен бекітілген, 2012-2022 жылдарға арналған «Маңғыстау Өңірлік Электртораптық Компаниясы» АҚ дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясы «МӨЭК» АҚ қызметінің стратегиялық тұрақтылығының және экономикалық тиімділігінің сандық және сапалық көрсеткіштерін белгілейді, «МӨЭК» АҚ қызметінің негізгі түрі бойынша даму бағытын анықтайды.

Миссиясы
 «МӨЭК» АҚ әрекет ететін аймақта электрлік тораптардың сенімді қызмет етуін және тиімді дамуын қамтамасыз ету .

Пайымы
«МӨЭК» АҚ – электр қуатының бөлшек нарығының өңірлік операторы.

Миссия және Пайым, өндірістік-қаржылық ахуал және даму перспективалары негізінде Қоғам ұзақ мерзімді кезеңде келесі стратегиялық бағыттарды ұстанады:
1. өңірде энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; 
2. акционерлік капитал құнын арттыру;
3. әлеуметтік жауапкершілік.

Даму стратегиясы 

Ұзақ мерзімді даму стратегиясына сәйкес «МӨЭК» АҚ ұзақ мерзімді кезеңде келесі стратегиялық бағыттарды ұстанады:

-  өңірде энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

-  акционерлік капитал құнын арттыру;

-  әлеуметтік жауапкершілік.

«МӨЭК» АҚ өзінің алдында келесі мақсаттарды қойды:

-  Тұтынушыларды сенімді энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету;

-  Маңғыстау облысының өнеркәсібін дамытудың ұзақ мерзімді жағдайларын жасау;

-  «МӨЭК» АҚ қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету;

-  Активтердің табыстылығын арттыру және активтер құрылымын оңтайландыру; 

-  Қоршаған ортаны қорғау;

-  Өндірістік жарақаттылықтың алдын алу;

-  Әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету.

Белгіленген мақсаттарға қол жеткізу мақсатында «МӨЭК» АҚ келесі міндеттерді жүзеге асырады:

- «МӨЭК» АҚ бекітілген инвестициялық бағдарламасын жүзеге асыру шегінде жаңа электртасымалдау желілерін салу, әрекетті қосалқы станцияларды қайта құру, активтерді жаңғырту және қалпына келтіру;

-  «МӨЭК» АҚ-мен өңірлік электртораптық компания мәртебесі алу;

- Реттелетін қызметтерге шығындарды, сонымен қатар өндірістік және инвестициялық бағдарламалардың жүзеге асырылуын толықтай қамтитын тарифті белгілеу, тариф белгілеу жүйесін жетілдіруде қатысу;

-  Энергияны үнемдеу және энергетикалық тиімділікті жоғарылату;

-  Инновациялық даму;

-  Повышение рентабельности собственного капитала;

-  Акционерлердің мүдделерін қорғау;

-  Қоршаған ортаға тигізілетін жағымсыз әсерді төмендету;

-   Әр жұмыс орнында қауіпсіз және сау еңбек жағдайларын құру, өндірістік жарақаттардың және кәсіби аурулардың алдын алу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;

-  Еңбек жағдайларының сапасын жоғарылату;

-  Әлеуметтік және экологиялық стандарттар жүйесін енгізу;

-  Демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету.