«МӨЭК» АҚ Маңғыстау облысында электр қуатын беру және тарату бойынша қызметтер көрсету нарығында үстем жағдайға ие. «МӨЭК» АҚ тораптары бойынша тасымалданатын электр қуатының тоқсан пайызын өңірдің ірі мұнай өндіру кәсіпорындары тұтынады.
Өңірде энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қоғамның негізгі стратегиялық бағыты болып табылады. Осы бағыттың мақсаты тұтынушыларды қуатпен сенімді жабдықтауды қамтамасыз ету және Маңғыстау облысында электрэнергетиканы дамытуға жағдай жасау болып табылады.
Өңірлік электртораптық компания мәртебесін алу үшін «МӨЭК» АҚ өңірлік диспетчерлік орталықты салу бойынша жобаны жүзеге асыруда, ол «МӨЭК» АҚ-на Қазақстанның Бірыңғай электрэнергетикалық жүйесінде қуат теңгерімін сақтау үшін электр қуатының теңгерімдеуші нарығында қатысуға мүмкіндік береді.
«МӨЭК» АҚ тұрақты дамуға бағытталған іс-шараларға зор көңіл бөледі, оның барысында жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне, қоршаған ортаны қорғауға, жұмыскерлер үшін қажетті еңбек жағдайларын жасауға бағытталған шаралар кешені жүзеге асырылды.
«МӨЭК» АҚ тиімді жұмысты жалғастыруда және 2022 ж. дейінгі «МӨЭК» АҚ бекітілген Ұзақмерзімді даму стратегиясына сай көптеген жұмыстарды жасауға туралы келеді.