МАНГИСТАУСКАЯ РЕГИОНАЛЬНАЯ
ЭЛЕКТРОСЕТЕВАЯ КОМПАНИЯ
АКЦИОНЕРНОЕ ОБЩЕСТВО
БИН: 920 440 000 302

АҚШОЛАҚОВ НАРИК ИБРАГИМҰЛЫ «ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» МЕДАЛІМЕН НАГРАДТАЛДЫ

Түпқараған ауданының тумасы «Маңғыстау ӨЭК» АҚ мекемесінің тоқ тарату станциясының жетекші автокөлік жүргізушісі Ақшолаков Нарик Ибрагимұлы ұзақ жылдық адал еңбегі, ауданның әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды.

1968 жылы 24 қазанда Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген Нарик Ибрагимұлы еңбек жолын ерте бастап, әр жылдары жол мекемесінде, аудан әкімі аппаратында, өндірістік ұйымдарда түрлі қызметтер атқарды. Армия қатарында Чехословакия елінде әскери жаяу машиналар жүргізушісі ретінде Отан алдындағы борышын абыроймен өтеген.

2007 жылдан бері «Маңғыстау ӨЭК» АҚ МРЭК бөлімшесінде үздіксіз еңбек етіп, Форт-Шевченко, Баутино, Аташ, Қызылөзен елді мекендерін жарықпен қамтамасыз ету ісінде ерекше еңбек сіңіріп келеді. Жауапкершілігі жоғары, еңбекқор, тапсырылған міндетті уақытылы және сапалы атқаратын маман ретінде ұжым ішінде ерекше құрметке ие.

Өзінің кәсіби жолында ауылдық, аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі марапаттарға, сондай-ақ «Маңғыстау ӨЭК» АҚ-ның 55 жылдығына арналған медальге ие болған Нарик Ибрагимұлының еңбегі лайықты бағаланып, мемлекеттік деңгейде марапатталуы — оның ұзақ жылдар бойғы табанды еңбегінің нәтижесі.