«МӨЭК» АҚ ЖӨНДЕУ КАМПАНИЯСЫН 100%-ҒА АЯҚТАДЫ

ҚКЖ компаниялар тобына кіретін «МӨЭК» АҚ энергетикалық нысандарды алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындау бойынша жөндеу кампаниясын 100%-ға аяқтады.

Осылайша, жөндеу кампаниясы басталғаннан бері «МӨЭК» АҚ энергетиктері 536 шақырымға жуық әуе электр берілісі желісін жөндеуден өткізді.

Бұдан бөлек, кәсіпорын мамандары кернеуі 6–10 кВ жоспарланған 77 жиынтықты трансформаторлық қосалқы станцияны жөндеп шықты.

Электр берілісі желілерін алдағы жылыту маусымына дайындау аясында ақауы бар бағандарды, изоляторларды және тозған сымдарды ауыстыру жұмыстары жүргізілді.

Қосалқы станцияларды жөндеу бойынша жылдық жоспар 100%-ға орындалды. Сонымен қатар күштік трансформаторлардағы жөндеу жұмыстары да аяқталды.

Жөндеу кампаниясының барлық шаралары Маңғыстау облысының тұтынушыларын электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын арттыруға, апаттық жағдайлардың туындау қаупін азайтуға және алдағы күзгі-қысқы кезеңде электр желілері кешенінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.

«МӨЭК» АҚ дайындығының келесі кезеңі Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінен Дайындық паспортын алу болады. 

«МӨЭК» АҚ Маңғыстау облысының тұрғындары мен кәсіпорындарын сенімді әрі үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысын жалғастыруда.