
«Қазақстандық коммуналдық жүйелер» ЖШС құрамына кіретін «МӨЭК» АҚ өзінің мерейтойлық жылында Маңғыстау облысының энергетика саласын ондаған жылдар бойы құрып, нығайтқан адамдар туралы баяндауды жалғастырады. Кәсіпорынның 60 жылдық тарихының артында тек электр беру желілерінің шақырымдары, қосалқы станциялар мен ауқымды жобалар ғана емес, ең алдымен әр жылдары энергиямен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз етіп, өз тәжірибесін кейінгі ұрпаққа беріп отырған тұлғалар тұр.
Солардың бірі – еңбек жолының басым бөлігін энергетикаға арнаған еңбегі сіңген энергетик, «МӨЭК» АҚ ардагері Қадырхан Қанғараұлы Ермекбай. Оның электр монтері лауазымынан басталып, басшылық қызметтерде жалғасқан кәсіби жолы жарты ғасырға жуық уақытты қамтиды. Осы жылдар ішінде ол кәсіби қалыптасудың үлкен мектебінен өтіп, бай тәжірибе жинақтады және энергетика саласының дамуына елеулі үлес қосты.
МӨЭК-тегі еңбек жылдарын еске ала отырып, ардагер лауазымдар мен өндірістік тапсырмалар туралы емес, ең алдымен адамдар туралы айтады. Ол үшін ең ыстық әрі қымбат естелік болып ұжым қала береді.
«Компания туралы ең ыстық естелігім – осы бір ауызбіршілігі жарасқан ұжымда, тамаша адамдар мен өз ісінің кәсіби мамандарының ортасында отыз жылға жуық уақыт бойы әртүрлі лауазымдарда еңбек ету бақыты бұйырғаны», – деп атап өтеді Қадырхан Ермекбай.
Мамандықтағы 30 жыл ішінде Қадырхан Ермекбай технологиялардың, жабдықтардың, басқару тәсілдері мен мамандарға қойылатын талаптардың қалай өзгергенін өз көзімен көрді. Дегенмен, оның пікірінше, МӨЭК-тің басты құндылықтарының бірі – кәсіби кадрлар ешқашан өзгеріссіз қалды.
Ол мамандарды даярлауды кәсіпорынның бүкіл тарихындағы ең маңызды жетістіктерінің бірі деп санайды.
«Кәсіпорынымызда әрқашан кадрларды даярлауға үлкен көңіл бөлінгенін компания тарихындағы ең маңызды аспект деп есептеймін. Құрылымдық бөлімшелердің барлық дерлік басшылары, инженерлік-техникалық және оперативті персонал дәл осы «МӨЭК» АҚ-да кәсіби тұрғыда шыңдалып, өсіп шықты», – дейді ардагер.
Ол үшін бұлар жай ғана сөз емес. Көптеген жылдар бойы ол осы кәсіби мектептің ажырамас бөлігі болды – аға әріптестерінен үйрене отырып, өз тәжірибесін жинақтады және салаға өзінен кейін келген жастарға білімін бөлісті.
«Бұрынғы қызметкерлеріміздің көпшілігі облыстағы және Қазақстандағы басқа да энергетикалық кәсіпорындарда жауапты лауазымдарда жемісті еңбек етіп, лайықты беделге ие болып жүргені компания қызметкерлерінің жоғары біліктілігін дәлелдейді», – деп баса айтады ол.
Көпжылдық еңбек жолында Қадырхан Қанғараұлының естелігінде энергетика саласы мен бүкіл ел үшін ең күрделі кезеңдердің бірі – 1990 жылдар ерекше орын алады.
«Меңіше, ең қиын кезең тоқсаныншы жылдар болды. Тұтынушылардың электр энергиясы үшін төлем жасамауына байланысты кәсіпорында күрделі мәселелер туындады. Едәуір уақыт бойы қаражаттың тапшылығынан жабдықтарға техникалық қызмет көрсетуге қажетті материалдар мен қосалқы бөлшектер тиісті көлемде сатып алынбады. Бұл, өз кезегінде, желілердегі апаттылықтың артуына әкелді. Мұнымен қоса, еңбекақының айлап кешіктірілуі кадрлардың едәуір тұрақтамауына соқтырды. Сол бір қиын-қыстау кезеңде компанияның тұрақты жұмысын қамтамасыз етудегі басты еңбек кәсіпорын басшысы Майлыбай Әмінұлы Аймағамбетовке тиесілі болды деп есептеймін. Ол ұжымды ұйымшылдыққа шақырып, қызметкерлерді қиындықтардың уақытша екеніне сендіре білді және осының арқасында негізгі мамандардың ұйттқысын сақтап қалды», – деп еске алады Қадырхан Ермекбай.
Бүгінде өткенге көз жібере отырып, ол бұл кезең туралы сабырмен айтады, бірақ бұл сөздердің артында кәсіпорынның тұрақтылығы жабдықтың жай-аупалына ғана емес, адамдардың бір топ болып қала білу қабілетіне де байланысты болған жауапты жылдар жатыр.
Энергетик мамандығы туралы айта отырып, ардагер жас мамандардың назарын, ең алдымен, іргелі білім мен тәртіпке аударады.
«Жоғары оқу орнын или колледжді бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу кезінде маманның электротехника бойынша жақсы теориялық білім базасы болуы тиіс. Бұл іске жауапкершілікпен қараған жағдайда мамандықты жеңіл әрі жылдам меңгеруге мүмкіндік береді», – деп есептейді ол.
Дегенмен, оның айтуынша, тек білім жеткіліксіз. Энергетикадағы жұмыс қолданыстағы электр қондырғыларымен байланысты, сондықтан әрбір шешім мен әрбір әрекет үшін ерекше жауапкершілікті талап етеді.
«Компания персоналының ток соғу қаупі бар өндірістік факторы жоғары қолданыстағы электр қондырғыларында жұмыс істейтінін ескерсек, энергетик үшін еңбек және өндірістік тәртіпті қатаң сақтау мен өзінің лауазымдық міндеттерін орындауға жауапкершілікпен қарау міндетті шарт болып табылады», – дейді ардагер.
Бүгінде «МӨЭК» АҚ өзінің 60 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқанда, ардагер компанияға энергетик үшін ерекше маңызды нәрселерді: сенімділік, қауіпсіздік және дамуды тілейді.
«Жұмыста апаттар мен қайғылы оқиғалар болмауын, Қоғам алдында қойылған барлық міндеттердің, соның ішінде электр желілері мен қосалқы станцияларды модернизациялау және реконструкциялау жөніндегі тапсырмалардың табысты орындалуын тілеймін. Ұжымға денсаулық пен амандық, жұмыста және жеке өмірде табыс тілеймін», – дейді Қадырхан Ермекбай.




