
Өткен демалыс күндері 17 және 18 қаңтарда «МӨЭК» АҚ энергетиктері футзалдан әуесқой командалар арасында Маңғыстау облысының чемпионатын сәтті бастады. Энергия, үйлесімділік және жеңіске ұмтылу - МӨЭК» АҚ командасы жұмыста ғана емес, спорт аренасында да көрсетіп отырған қасиеттер.
«МӨЭК» АҚ командасы облыстық чемпионаттың екінші лигасында өнер көрсетеді, онда өңірдің ірі кәсіпорындарының 16 командасы жеңіске таласады. Жарысты ұйымдастырушы - Маңғыстау облысының футбол федерациясы.
Осы жылы компанияның спорттық абыройын қорғайтындар:
«Футзал біз үшін жай ғана ойын емес, іс жүзінде нағыз командалық рухты, өзара көмек пен бір-бірімізге жауапкершілікті көрсету мүмкіндігі. Алаңда, энергетикадағы сияқты, үйлесімді әрекет етіп, шешімдерді тез әрі дәл қабылдау маңызды. Бұл қағидаларды біз өзіміздің кәсіби қызметімізде күнделікті қолданамыз. Біз әрбір матчқа салмақты көңіл-күймен, қарсыласқа құрметпен және лайықты ойын көрсетіп, жеңіс үшін күресуге деген нық ниетпен шығамыз», — деді «МӨЭК» АҚ автоматтандырылған есеп айырысу жүйесі (АСКУЭ) бөлімінің маманы Сагдат Болтеков.
Чемпионат ойындары әр демалыс күндері «Маңғыстау Арена» спорт кешенінде (33 шағын аудан) өтеді. Турнирдің аяқталуы наурыз айының басына жоспарланған.
«МӨЭК» АҚ қала тұрғындарын команданы қолдауға шақырады. Қолдаушылардың қошеметі, алғысы және сенімі ойыншылар үшін қосымша мотивация болып табылады.
