ЖАУАПКЕРШІЛІК ПЕН ТАБАНДЫЛЫҚ: «МӨЭК» АҚ ӘЙЕЛ ИНСПЕКТОРЛАРЫ ЖАЙЛЫЛЫҚ КҮЗЕТІНДЕ

«Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ (МӨЭК) Маңғыстау облысының халқын электр энергиясымен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Жүйенің үздіксіз жұмыс істеуі және тұтынушыларға уақытылы қызмет көрсету үшін компанияның әр түрлі бөлімдері бар. Олардың әрқайсысы өзінің маңызды миссиясын орындайды. Солардың бірі, аймақ тұрғындарымен тікелей жұмыс істейтін инспекторлар(контролер).

Инспектор жұмысы: тұтынушыларға күнделікті уақытылы қызмет көрсету.

Сәрсенгүл Қонақжаева жеті жылдан бері электр энергетикасы саласында инспектор болып жұмыс істейді. Кәсіби қызметінен басқа, ол балаларын тәрбиелеп отырған қамқор ана. Оның міндетіне тұтынушыларды электр энергиясын төлеу бойынша есептеулер мен берешектер туралы уақытылы хабардар ету кіреді.

-Таңертең сағат 8:00-де жұмысқа келеміз. Содан соң инженерден тапсырма аламыз. Тұтынылған электр энергиясы бойынша түбіртектермен қатар, қарызын төлемей жүрген борышкерлерге анықтама апарамыз. Жұмысым өзіме ұнайды. Өзіме бекітілген шағын аудандар бар. Жеті жыл жұмысымда сол тұрғындардың көбісін танып алдым. Олар әрдайым мені жылышырайман қарсы алады, - деді Сәрсенгүл Қонақжаева.

Бір жұмыс күні ішінде Сәрсенгүл Қонақжаева түбіртектерді шамамен 550 пәтерге апарады. Бұл тек еңбекқорлықты ғана емес, сонымен бірге жоғары жауапкершілікті де талап етеді. «МӨЭК» АҚ-да барлығы 164 инспектор(контролер) жұмыс істейді және олардың барлығы әйелдер. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, ыстық немесе қатты жел болсын, олар әрдайым өз жұмыстарын яғни тұтынушыларға уақытылы хабарлауды қамтамасыз етеді.

Қарыздарды бақылау және өндіріп алу.

Түбіртектерді таратудан басқа, инспекторлар қарыздарды өндіріп алу процесіне қатысады. Егер тұрғындар уақытылы төлем жасамаса, инспекторлар оларға қарызды өтеудің салдары мен қажеттілігі туралы хабарлайды. Бұл компанияға төлем деңгейін тиімді бақылауға және тұтынушылар арасында қарыздың жиналуын болдырмауға мүмкіндік береді.

«МӨЭК» АҚ инспекторларының жұмысы-бұл техникалық міндет қана емес, сонымен қатар маңызды әлеуметтік аспект. Олар күн сайын халықпен жұмыс істеп, уақытылы және үздіксіз қызмет көрсетеді. Олардың қызметі электр желілерінің тұрақты жұмысын сақтауға көмектеседі және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге адал көзқарасты қалыптастыруға ықпал етеді.