ЖАС ЭНЕРГЕТИКТЕР «МӨЭК АҚ-ДА – ХАДЫРҚАЗЫ БАЗАРБАЕВ: «ЭНЕРГЕТИКА ЖАУАПКЕРШІЛІК ПЕН ҚАУІПСІЗДІКТІ ТАЛАП ЕТЕДІ»

Біз «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ-да (МӨЭК) жұмыс жасайтын жас мамандар туралы айтуды жалғастырмақпыз. Бүгін сіздерді болашағынан көп үміт күттіретін қызметкер, Сынақ қызметінің электр монтері - Хадырқазы Базарбаевпен таныстырмақпыз.

Балалық шағы мен білім жолы

Хадырқазы Маңғыстау облысында туып  өскен. Бала кезінен энергетик болуды армандап, ғылым мен техникаға қызықты. Мектепте оқып жүргенде ол үйлер мен өндіріс орындарын кімдер жарықпен қамтамасыз ететін білгісі келетін.

Мектеп бітіргеннен кейін, 2015 жылы Хадырқазы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетіне түсті. Ол «Электр техникасы және энергетика» факультетін таңдап, онда терең білім алды. 2019 жылы университетті ойдағыдай бітіріп, алған білімін іс жүзінде қолдануға дайын болды.

Энергетика саласындағы қызмет жолы

  • Мені бала кезімнен энергетиктер жұмысы қызықтыратын. Үйлер мен ғимараттардың қалай жарық болатынын, жарық беру қалай жүзеге асатынын, бұның ар жағында қандай процестер болуы мүмкін екендігін білу қызықты болатын, - дейді Хадырқазы Базарбаев.

Ол мамандығының алғашқы қадамдарын 2019 жылы Глубокое ӨЭК «ШҚ ӨЭК» АҚ-да қосалқы станция жабдықтарына қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі электрослесарь қызметінен бастады. Жұмысы қызықты ғана емес, жоғары жауапкершілік пен кәсіби біліктілікті талап етті. Ол барлық қажетті дағдыларды тез игеріп, энергетикалық жабдықты жөндеу мен пайдалануда құнды тәжірибе жинақтады.

2020 жылы Хадырқазы өзінің туған жеріне оралып, Маңғыстау облысының энергетикалық инфрақұрылымын дамытуға өзінің үлесін қосуға шешім қабылдады. Ол «МӨЭК» АҚ-ға жабдықтарға күтім жасау және жөндеу жөніндегі электр слесары қызметіне орналасты. Оның білімге ұмтылысы, еңбекқорлығы мен кәсибі білімі назардан тыс қалмады. Бір жылдан кейін ол жоғарылап, Сынақ қызметінің электромонтері лауазымына ауыстырылды.

Қызметіндегі жауапкершілік пен қауіпсіздік

Энергетикадағы жұмыс өте мұқият болуды әрі жауапкершіліктің жоғарғы деңгейін талап етеді. Электр монтерлері, әсіресе сынақ саласында, ең маңызды тапсырманы орындайды – болуы мүмкін апаттық жағдайлардың алдын алып, электр желілерінің жұмысқа жарамдылығы мен сенімділігін тексереді.

- Энергетикадағы жұмыс – бұл ең алдымен орындалатын жұмысқа жауапты болу, барлық сынақтар мен өлшеулер жасаудың қауіпсіздігі, -  деп атап көрсетті Хадырқазы.

Әр күн сайын оның алдында біраз міндеттер тұрады: электр қондырғыларын тексеру, өлшеу жүргізу, көрсеткіштерді талдау және ақауларды жою. Мұның бәрі өңірдің энергетикалық жүйесі тұрақты әрі үзіліссіз жұмыс істеуі үшін қажет.

Жеке өмірі мен сүйікті ісі

Қарқындыжұмыскестесіне қарамастан, Хадырқазы өзініңхоббиінедеуақыттабады.Олбала кезінен футболғақұмар болатын, әуесқойматчтарғақатысу арқылы спорттықформасынсақтауғатырысады.Спорт оған физикалықбелсенділіктісақтауғакөмектеседі, бұл әрине жұмысындаерекшемаңызға ие.

Сонымен қатар, ол отбасылық өмірде бақытты – үйленген, болашаққа оптимистік көзқараспен қарайды. Хадырқазы кәсіби өсуін жалғастырып, біліктілігін арттырып және энергетика саласының дамуына да өзінің үлесін қосқысы келеді.