ЖАПОН ДЕЛЕГАЦИЯСЫ «МӨЭК» АҚ-ҒА БАРДЫ

2024 жылдың 8 қазанында Жапония делегациясы «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ-ға барды.

Делегацияға Kawasaki Heavy Industries Rus, Overseas Environmental Cooperation Center, Japan (OECC), KOMAIHALTEC.Inc, Mitsubishi Heavy Industries, Ltd және т.б. сияқты жапондық компаниялардың өкілдері қатысты. Қатысушыларды «МӨЭК» АҚ басшылығы қарсы алды.

Сапардың негізгі мақсаты - энергетика саласын дамытудың қазіргі кезеңіндегі негізгі міндеттердің бірі болып табылатын көміртегі бейтараптығы саласындағы ынтымақтастықты ілгерілету. Кездесу барысында әлеуетті бірлескен жобалар, энергиямен жабдықтаудың жаңа технологияларын енгізу және экологиялық таза шешімдер талқыланды.

Екіжақты кездесу Қазақстан мен Жапония арасындағы энергетикалық инновациялар мен экологиялық таза шешімдерге деген өзара қызығушылықты көрсететін серіктестікті дамытудағы маңызды қадам болды.

Жапон компанияларының өкілдері ортақ экологиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін озық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты әрі қарай тереңдетуге және тәжірибе алмасуға мүдделі екенін білдірді.

Өз кезегінде «МӨЭК» АҚ Басқарма Төрағасы Қасымхан Сыздықов компанияның өзара тиімді және жемісті ынтымақтастыққа, жапон серіктестерінің кез келген ұсыныстары мен бизнес идеяларына ашық болуға дайын екенін атап өтті.