Астанада Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінде өңірлік электржелілік компаниялардың есептері тыңдалды.
Іс-шараның басты мақсаты атқарылған жұмыстарды қорытындылау және өңірлерді сенімді әрі тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету жөніндегі перспективалық жоспарларды талқылау болды.
26 мамырда Комитет Төрағасы Ержан Ертаевтың басшылығымен өткен мәжілісте «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ (МӨЭК) Басқарма төрағасы Қасымхан Сыздықов сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында 2024-2025 жылдардағы өткен жылыту маусымының қорытындысын айта отырып, ағымдағы жағдайды егжей-тегжейлі баяндады және компания дамуының басым бағыттарын айқындап көрсетті.
Қасымхан Сыздықов өткен жылыту маусымы жүйелі дайындық пен уақтылы жүргізілген жөндеу жұмыстарының арқасында компанияда іркіліссіз өткенін атап өтті. электр желісі инфрақұрылымын жаңғырту мен техникалық жаңарту шараларына ерекше назар көңіл бөлінді, бұл Маңғыстау облысында электр энергиясының тұрақты берілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
«МӨЭК» АҚ басшысы алдағы күзгі-қысқы кезеңге жоспарланған ауқымды жөндеу жұмыстары туралы айтып, бұл шаралардың өңірдің энергия жүйесінің сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ ол жабдықты жаңғыртуды, жаңа технологияларды енгізуді және жаңа қосалқы станцияларды салуды қамтитын компанияның инвестициялық бағдарламасының өзектілігін баса айтты.
Қасымхан Сыздықовтың айтуынша, инвестициялық жобаларды іске асыру компания жұмысының тиімділігін едәуір арттыруға және суық мезгілде жоғары жүктеме жағдайында да тұтынушыларды үздіксіз электр қуатымен жабдықтауға мүмкіндік береді.
Комитет Төрағасы Ержан Ертаев ұсынылған ақпаратқа оң баға беріп, елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар мен энергетикалық компаниялардың тұрақты өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті.