
Құрметті Маңғыстау және Түпқараған ауданының тұтынушылары!
«Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ және Түпқараған ауданының мемлекеттік электр желілері (мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар – «Түпқараған Электр Жүйесі» және «Коммуналдық Қызмет», «Дария») тарапынан электр желілерін ірілендіру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, сондай-ақ электр энергиясын есепке алу аспаптарын қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестендіру мақсатында, 2025 жылдың 28 тамызынан бастап жеке тұтынушылардың есептегіш құрылғыларын (счетчиктерін) пломбалау жұмыстары жүргізіледі.
Сол себепті, есептегіш құралдарына еркін қолжетімділікті қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.
Жүргізілетін жұмыстарға байланысты туындауы мүмкін қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда келесі телефон нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз:
Құрметпен, «МӨЭК» АҚ