«МӨЭК» АҚ қарасты өткізу қызметтері халыққа сапалы қызмет көрсетіп, өтініштерді уақытылы қарау функцияларын жүзеге асырады. Сондай бөлімшелердің бірі Түпқараған аудандық өткізу учаскесі(РУС) болып табылады.
Бұл бөлім Түпқараған ауданына қарасты жеті елдімекеннің, яғни Ақшұқыр, Сайын Шапағатов ауылдары, Форт-Шевченко қаласы, Аташ, Баутин, Таушық, Қызылөзен ауылының тұрғындарына қызмет көрсетеді. Ақшұқыр ауылында орналасқан өткізу бөліміне айына 100-дан аса тұрғын сұрақтарымен келеді. Көбіне тұтынылған электр энергиясының төлеміне қатысты сұрақтар түседі.
-Түпқараған аудандық өткізу бөлімі 12 мыңнан астам абонентке қызмет көрсетеді, - дейді «МӨЭК» АҚ Түпқараған аудандық өткізу бөлімінің басшысы Мұнара Нәбиева.
Түпқараған аудандық өткізу бөлімінде 15 маман жұмыс жасайды. Контролерлар үйлерді аралап түбіртіктерді апарса, кеңседе мамандар тұтынушыларға есептеу, анықтама, акт сверка беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ, заңды тұлғаларды және жеке тұрғын үй кешенімен келісім шартқа отырғызу жұмыстары жүргізіледі.
-Тұрғындардың ең көп өтініштері тұтынылған электр энергиясын төлеуге қатысты. Біз барлық қажетті ақпаратты береміз және қажет болған жағдайда банктік мобильді қосымша арқылы қалай төлем жасау керектігін егжей-тегжейлі түсіндіреміз, - дейді Мұнара Нәбиева.
Тұтынушылар төмендегі мекенжай мен телефондар бойынша төлем, түзету, қайта есептеу, есептегіштер, түбіртектер және берешек мәселелері бойынша Түпқараған аудандық өткізу бөліміне жүгіне алады:
Түпқараған аудандық өткізу бөлімі:
Мекен-жайы: Ақшұқыр ауылы, Сахиев көшесі, «Сандуғаш» оқу орталығы.
Телефондар: +7 777 778 25 25, +7 702 287 76 44, +7 705 748 14 94.
Мекен-жайы: Форт-Шевченко қаласы, Қызылбаев көшесі 26А, «Барыс Gold» БО, 2 қабат, 7 кеңсе.
Телефондар: +7 777 779 29 59, +7 701 593 02 57, +7 705 748 14 94.