ТҰРАҚТЫЛЫҚ КҮЗЕТІНДЕ: «МӨЭК» АҚ-НЫҢ КЕЛЕСІ КҮЗГІ-ҚЫСҚЫ КЕЗЕҢГЕ ДАЙЫНДЫҒЫ

Қыс енді ғана аяқталса да, «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ энергетиктері 2025-2026 жылдардың алдағы күз-қыс мезгілдерінің өтуіне белсенді  дайындалуда. Бұл әр бөлшекке назар аударуды қажет ететін энергетика саласындағы жоспарлау мен дайындықтың маңыздылығын дәлелдейді. Жөндеу науқанын бастау және жабдықтарды тексеру жылдың салқын мезгілінде сенімді әрі үздіксіз электрмен қамтамасыз етуге көмектеседі. Барлық жұмыстар айрықша температура мен электр энергиясына деген қажеттіліктің жоғарылауы жағдайында жүйелердің жүктемеге төтеп беруіне бағытталған.

Мұндай дайындық – бұл тек инфрақұрылым деңгейінде жоспарлау ғана емес, сонымен қатар қысқы кезеңде сыртқы жағдайларға қарамастан, тұтынушылар тұрақты энергиямен жабдықтауға сене алатындай жұмыс сапасын үнемі бақылау болып табылады.

Жөндеу науқаны 2024 жылдың 1 сәуірінде басталды және алты айға созылады. Осы кезеңде мамандар қосалқы станциялардың, әуе электр желілерінің жабдықтарына техникалық күтім жасау мен жөндеу жұмыстарын жүргізеді, сынақтар мен өлшеулер жүргізеді, релелік қорғаныс пен автоматика құрылғыларын тексереді. Осындай іс-шаралар кешені электр желілік инфрақұрылымды жұмыс жағдайында ұстап тұруға және жоғары жүктемелер мен төтенше ауа райы жағдайларында тұтынушыларды сенімді энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жөндеу бағдарламасы аясында «МӨЭК» АҚ мамандары барлығы 495,4 шақырым әуе желілері мен 6/10 кВ 106 жиынтықты трансформаторлық қосалқы станцияларды жөндеулері қажет.

Электр желілерінің сенімділігін арттыру үшін, «МӨЭК» АҚ мамандары 400 ақаулы тіректі, сондай-ақ физикалық тозған сымдарды ауыстыруы тиіс. Энергетиктер 6 мыңға жуық оқшаулағышты ауыстыруды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, қосалқы станцияларда кернеуі 35 кВ және одан жоғары күштік трансформаторларды жөндеу жоспарланған: ҚС Шайыр, ҚС Шетпе, ҚС Термальная, ҚС Түпқараған және ҚС Ақшұқыр. Сондай-ақ фарфор оқшаулағыштарын ӘЖ-110 кВ жоғары вольтты желілердегі шыныға ауыстыру көзделген: Ж-Қарамандыбас-1,2, Ж-Теңге-1,2, Ж-КС-Узень-1,2, Ж-Глинзавод-1,2 және Ж-Сауысқан. Сонымен бірге, ӘЖ-110 кВ тіректерінің 176 бетон табанына жөндеу жүргізу жоспарланған.

Барлық іс-шаралар тұтынушыларды тұрақты және сапалы электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге бағытталған. Олардың қатарында ірі мұнай өндіруші кәсіпорындар, білім беру мекемелері, әлеуметтік сала объектілері, тұрғын үй-коммуналдық кешені және өңірдің маңызды өнеркәсіптік кәсіпорындары бар.

«Күзгі-қысқы маусымға дайындық – біз үшін, энергетиктер үшін ең басты міндеттердің бірі. Дайындықтың әр кезеңі ерекше назар аударуды және мұқият бақылауды қажет етеді. Осындай күш жұмсаудағы басты мақсат – электрмен жабдықтаудағы ақаулар қаупін азайту. Қыс мезгілінде энергиямен жабдықтау тұрақты әрі сапалы болуы маңызды. Ол үшін барлық жөндеу жұмыстарын білікті түрде жоспарлау, олардың орындалуын қатаң бақылау және мерзімдерін сақтау қажет. Тек осылай ғана біз электр желілеріміздің сенімді жұмысын қамтамасыз ете аламыз және тұтынушыларымыздың үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз етілуіне кепілдік бере аламыз. Жұмыс өте көп, ал олардың нәтижесі өңірдің энергетикалық қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді», - деп атап өтті «МӨЭК» АҚ бас инженері Арқабай Тастанов.

«МӨЭК» АҚжөндеужұмыстарыаяқталғаннанкейін,ҚазақстанРеспубликасыЭнергетика министрлігінің Атомдықжәнеэнергетикалыққадағалауменбақылаукомитетіненкүзгі-қысқыкезеңгедайындықпаспортыналуы қажет.

Осылайша, барлық жоспарланған іс-шараларды кешенді түрде дайындау және уақтылы орындау алдағы қысқы кезеңде өңірді үздіксіз әрі сапалы электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.