
2025 жылғы 14-25 сәуір аралығында «МӨЭК» АҚ қызметкерлері — Байланыс және диспетчерлік технологиялық басқару қызметінің радиобайланыс маманы Олег Гуменников пен Өзен ЭЖА релелік қорғау және автоматтаудың жетекші инженері Асхат Ермекбаев Екатеринбург қаласында (Ресей Федерациясы) «Кедр» ЖБА аппаратурасындағы апатқа қарсы автоматиканың жоғары жиілікті арналары» тақырыбында оқудан өтті.
Оқыту «Уралэнергосервис» кәсіпорнының базасында өтті. Бағдарлама мазмұнды болды және мынадай тақырыптарды қамтыды, соның ішінде:
Семинардың мақсаты – кәсібиқұзыреттіліктідамыту, техникалықдайындықдеңгейінарттыружәне апатқа қарсы автоматиканыңзаманауи құралдарыменжұмысістеудепрактикалықдағдыларды меңгеру.
- Біз үшін бұл оқыту теориялық білімді жетілдіріп қана қоймай, аппаратураны баптаудың практикалық аспектілерін тереңірек меңгеруге тамаша мүмкіндік болды, — деп Олег Гуменников өз әсерімен бөлісті. — Әсіресе «Кедр» ЖБА функционалдық схемасы мен техникалық параметрлеріне арналған бөлім өте пайдалы болды.
Асхат Ермекбаев жергілікті жерлердегі мамандар үшін осындай іс шаралардың маңыздылығын атап көрсеттіі:
«Біз күн сайын жоғары технологиялық жабдықтармен жұмыс істейміз және олардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін үнемі біліктілігімізді арттырып отыруымыз қажет. Бұл семинар таныс процестерді жаңа қырынан тануға және тәжірибелі тәлімгерлерден құнды кеңестер алуға мүмкіндік берді».
«МӨЭК» АҚ басшылығы қызметкерлердің біліктілігін арттыру — компанияның негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Бұл жеке кәсіби өсуге ықпал етіп қана қоймай, сонымен қатар бүкіл өңірлік энергия жүйесінің сенімділігі мен қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.
«МРЭК» АҚ алдағы уақытта да қызметкерлерін оқыту мен дамытуға бағытталған бастамаларды қолдай отырып, өз мамандарына кәсіби өсудің жаңа мүмкіндіктерін ашуды жалғастырады.



