
«МӨЭК» АҚ мамандарына кейде Ақтау қаласының тұрғындарынан түбіртектердегі сома тым жоғары көрінеді деген хабарламалар келіп түседі. Егер мұндай жағдай Сіздің басыңызда болса, төлем сомасы қалай есептелетінін, оның мөлшеріне не әсер етуі мүмкін екенін және қандай әрекеттер жасау керектігін білу маңызды. Біз сізге бұл мәселені қарапайым тілмен және нақты түсіндіреміз.
Неліктен сома жоғары болуы мүмкін?
• Электр есептегіш көрсеткіштерін беру кезінде тұтынушы немесе электр энергиясын таратушы ұйым тарапынан қате жіберілуі мүмкін. Бұл берілген мәліметтер мен нақты көрсеткіштердің сәйкес келмеуіне алып келеді.
• Есептегіштің ақаулығы — есепке алу құралындағы техникалық ақау.
• Басқа есептеу тәсілі қолданылған (мысалы, орташа тәуліктік тұтыну) — егер есептегіш көрсеткіштерін алу мүмкін болмаса және тұтынушы өзі деректерді бермеген жағдайда.
Электр энергиясының көлемін кім есептейді?
• Есептегіштің көрсеткіштерін тіркеуді электр энергиясын таратушы ұйым жүзеге асырады (мысалы, Ақтауда — «АЭЖБ» МКК).
• «АЭЖБ» МКК тіркеген көрсеткіштерді «МӨЭК» АҚ-ға жолдайды, ал «МӨЭК» АҚ сол негізде тұтынушыға шот ұсынады.
Электр энергиясын тұтыну сомасы қалай есептеледі?
Қорытынды сома екі көрсеткішке байланысты:
• Тариф – 1 кВт/сағ электр энергиясының бағасы (Маңғыстау облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті реттейді);
• Тұтыну көлемі – есептегіш арқылы немесе өзге есептеу негізінде анықталған электр энергиясының нақты тұтыну мөлшері.
Электр энергиясы үшін шоттағы сома жоғары болса не істеу керек?
Егер сіз артық төлем көрсетілгенін байқасаңыз, «МӨЭК» АҚ-ның Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына (ТҚКО) өтініш бере аласыз.
Өтініште көрсетіңіз:
• Сіздің деректеріңіз (аты-жөні, мекенжайы, жеке шот нөмірі);
• Мәселенің мәні (мысалы, артық төлем, есептегіш көрсеткіштері мен түбіртек мәліметтерінің сәйкес келмеуі);
• Қайта есептеу жүргізу туралы өтініш.
МАҢЫЗДЫ! Қайта есептеу/түзету тек негізделген себептер болған жағдайда ғана жүргізіледі.
Тексеру қалай жүргізіледі?
Тексеру қалай жүргізіледі?
• Сіздің өтінішіңізді «МӨЭК» АҚ мамандары қарайды;
• Олар электр энергиясын таратушы ұйымға (мысалы, «АЭЖБ» МКК) сұрау жібереді;
• Егер мәліметтер расталса, есеп айырысу сомасына түзету енгізіледі;
• Сізге заңда белгіленген мерзімде ресми жазбаша жауап жіберіледі.
Ең бастысы есте сақтау керек жайт! Қайта есептеу тек тұтынушының жазбаша өтініші негізінде ғана жүргізіледі.
Сондықтан, егер түбіртектегі сома жоғары деп есептесеңіз, күтпей-ақ, бірден «МӨЭК» АҚ-ның Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына (ТҚКО) жүгініңіз.