МЫҚТЫ КОМАНДА - МЫҚТЫ КОМПАНИЯ: «МӨЭК» АҚ-ДА БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТЕРДІ ДАМЫТУ ЖАЛҒАСУДА

2025 жылғы 14 және 15 мамырда «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ-ға басқарушылық консалтинг және заманауи әдістемелерді енгізу саласындағы белгілі сарапшы, «Ordabasy Group» ЖШС Басқарма Төрағасының ұйымдық дамыту жөніндегі орынбасары Алексей Мохнаткин келді.

Сапар аясында компанияның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары үшін екі оқыту тренингі өткізілді. Заманауи, икемді және тиімді корпоративтік мәдениетті қалыптастырудағы негізгі аспектілер — «Шағын бастамашыл топтар» және «Сенім» тақырыптары болды.

Бірінші тренинг шағын бастамашыл топтар тақырыбына — өнімділікті арттыруға, қызметкерлерді тартуға және ішкі процестерді жақсартуға ықпал ететін, корпоративішілік өзара іс-қимылдың тиімді нысанына арналды.

«Шағын бастамашыл топтар —  бұл әрбір қызметкерге өзінің маңызды екендігін және компаниядағы процестерге әсер ете алатынын сезінуге мүмкіндік беретін құрал. Аталған тәсіл ұйымның барлық деңгейінде дамуға, жауапкершілікке және креативтілікке ынталандырады, — деп өз сөзінде атап көрсетті Алексей Мохнаткин.

Тренинг барысында қатысушылар теориялық базамен танысып қана қоймай, ірі кәсіпорындарда осындай топтарды сәтті енгізудің мысалдарын талдады.

Екінші тақырып «Сенім» — басшылар мен ұжым арасындағы тұрақты әрі адал қарым-қатынасты қалыптастыруға арналды. Алексей Мохнаткиннің айтуынша, ұжымдағы сенім тек моральдық бағыт-бағдар ғана емес, сонымен бірге мықты басқару ресурсы болып табылады.

Тренинг интерактивті жаттығуларды, кейстерді талдауды және нақты тәжірибедегі мысалдармен жұмыс істеуді қамтыды. Энергетиктер сенім кедергілерін анықтауды, тиімді кері байланыс орнатуды және көшбасшылық құрал ретінде эмоционалды интеллектіні дамытуды үйренді.

Өткізілген тренинг қазіргі заманғы басқару мәдениетін қалыптастырудағы маңызды кезең болды және «МӨЭК» АҚ жұмыстың нәтижелілігін арттыруға және болашақта даму үшін тұрақты негіз қалыптастыруға бағытталған басқарудың озық тәсілдері мен құралдарын одан әрі енгізуге ниетті.