
«Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ - бұл өз жұмысында үздік нәтижелерге ұмтылатын кәсіпқойлар үйлесімді және ұйымшыл ұжымы. Сонымен қатар, әр қызметкер өзінің хоббиі мен қызығушылығы бар ерекше тұлға.
«МӨЭК» АҚ-да жұмыс өтілі бірнеше ондаған жылды құрайтын мамандар аз емес. Тәжірибелі энергетиктер өздерінің көп жылдық тәжірибелері мен білімдерін ауқымды жобаларды табысты іске асыру және кәсіпорындардың өндірістік көрсеткіштерін арттыру үшін қолданады.
Ондаған жыл бұрын өз кәсібі ретінде энергетиканы таңдаған осындай адамдардың бірі «МӨЭК» АҚ Жетібай ЭЖА бас инженері Мырзағұл Адайұлы Инжибаев.
Еңбек жолын 44 жыл бұрын қатардағы маман лауазымынан бастаған. Энергетик өз мамандығын нағыз кәсіп деп атай отырп, бүкіл өмірін салаға арнады.
Мырзағұл Адайұлы 1961 жылы 12 мамырда Маңғыстау облысының Жетібай қаласында дүниеге келген. Бала кезінен ол энергетик болуды армандаған. Мамандықты таңдау уақыты келгенде, жас Мырзағұл энергетикамен байланысты мамандықты ойланбастан таңдады.
1978 жылы мектепті бітірген жас жігіт екі жылға әскерге шақырылды. Қызметтен шыққаннан кейін жас жігіт туған өлкесіне оралып, бірден қалалық кәсіпорындардың біріне автоэлектрик болып жұмысқа орналасты. Осы сәттен бастап оның энергетика саласындағы терең жолы басталды.
1980 жылдан бастап 2006 жылға дейін жас маман түрлі компанияларда жұмыс істеді және жетекші маманнан инженерге дейін үлкен өндірістік жолдан өтті. Сонымен қатар маман оқуды жалғастыруды және қол жеткізілген практикалық білімдерге тоқтамауды шешті. 1996 жылы ол «Инженер-механик» мамандығын таңдап, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық университетіне оқуға түсті.
2006 жылы Мырзағұл Адайұлы «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ Жетібай ЭЖА тарату желілерінің шебері болып жұмысқа қабылданды. 6 жылдан кейін Мырзағұл Адайұлы Жетібай ЭЖА бас инженері болды.
Энергетик көптеген жобаларды іске асыруға белсене қатысты, орталық-диспетчерлік қызметпен бірге ЭЖА электр желілері жұмысының оңтайлы режимдерін әзірледі. Ол қызметкерлерді, әсіресе бақылаушыларды техникалық шығындарды анықтау және жою бойынша оқытуды жалғастырады, сонымен қатар тұтынушыларға электр энергиясын ұрлаудың зияны туралы насихаттау және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Оның қатысуымен Қоғамның электр жабдықтарының қауіпсіз, сенімді және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіледі. Ұжымда беделге және жоғары құрметке ие. Ол өзінің еңбегімен және күнделікті міндеттерін орындауға деген көзқарасымен жас мамандар мен әріптестеріне үлгі болды.
- Мен бала кезімнен энергетик болуды армандадым, міне, 40 жылдан астам уақыттан бері осы салада жұмыс істеп келемін. Мен ештеңеге өкінбеймін деп мақтанышпен айта аламын. Энергетикадағы жұмыс - жай ғана мамандық емес, нағыз кәсіп. Мен күн сайын жаңа қиындықтарға тап болып, электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етуге байланысты маңызды міндеттерді шешемін. Мен үшін бұл тек жұмыс қана емес, қаланың дамуына және адамдардың өмірін жақсартуға үлес қосу мүмкіндігі. Мен өз арманымды жүзеге асырып, өмірімді осындай маңызды іске арнағаныма қуаныштымын. Энергетика адалдықты, қажырлықты және тұрақты өзін-өзі дамытуды талап етеді және мен осы салада көп жылдар бойы жұмыс істегенімді мақтан тұтамын. Мен үшін энергетика - бұл жай ғана жұмыс емес, өмірімнің шынайы сүйетін және құрметтейтін бөлігі, - деп атап өтті энергетик.
Көпжылдық еңбегі, кәсіби қасиеттері мен энергетика саласына қосқан үлесі үшін Мырзағұл Адайұлы бірнеше рет салалық наградалармен марапатталды. Ондаған алғыс хаттар мен Құрмет грамоталарынан басқа, 2021 жылы Маңғыстау облысының әкімі оған "Еңбек сіңірген энергетик" төсбелгісін табыс етті.
Дарынды адам барлық жағынан дарынды деп бекер айтылмайды. Қарапайым өмірде де Мырзағұл Адайұлының жетістіктері аз емес - ол мықты отбасы құрды. Жұбайымен бірге бес баланы абыройлы тәрбиелеп, 11 немересі бар. Жұмыстан бос уақытта еңбек сіңірген энергетик футболға әуестенеді.





