
2024 жылғы 17 қыркүйекте «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ энергия объектілерін 2024-2025 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіне дайындауға арналған баспасөз туры өтті.
«МӨЭК» АҚ энергетикасының баспасөз туры барысында электр желілік нысандарды алдағы 2024-2025 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіне дайындау процесі, сондай-ақ жөндеу науқанының негізгі кезеңдері және жабдықтарды жаңғырту туралы айтылды.
- Күзгі-қысқы кезеңге дайындық - бұл өңірді тұрақты энергиямен жабдықтау байланысты стратегиялық міндет. Біз облыс тұрғындары мен кәсіпорындарын қыс кезінде сенімді электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін энергия объектілеріне уақтылы және сапалы қызмет көрсетудің маңыздылығын түсінеміз. Бірнеше ай бойы біздің мамандар желілер мен жабдықтарды жаңғырту, профилактикалық тексеру және ықтимал қатерлерді жою бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Мен барлық қабылданған шаралар біздің энергия нысандарымыздың апатсыз жұмысын қамтамасыз ететініне сенімдімін. Бүгін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері біздің атқарған жұмысымызды көріп, өздерін қызықтыратын сұрақтар қоюға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, компанияның қысқы жүктемеге дайын екендігіне көз жеткізу қажет. Біз диалогқа ашықпыз және әрқашан жұмысымыздың сенімділігі мен сапасын арттыруға ұмтыламыз, - деп атап өтті «МӨЭК» АҚ Басқарма Төрағасы Қасымхан Сыздықов.
Баспасөз туры барысында қатысушылар Жаңаөзенде орналасқан екі қосалқы станцияға барды: «Өзен» ҚС және «КС-Өзен» ҚС.















