Маңғыстау облысында Түпқараған ЭЖА ашылды

ҚКЖ комапниялар тобына кіретін «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ құрамына кіретін Түпқараған ЭЖА (Электр желілері ауданы) ашылды.

Жаңа өндірістік нысан Түпқараған ауданының тұтынушыларын үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында құрылды. Бөлімшеде электр желілік жабдықтарды пайдалануға және техникалық қызмет көрсетуге жауапты 70 білікті қызметкер жұмыс істейді.

Түпқараған ЭЖА 7 елді мекенге қызмет көрсетеді: Ақшұқыр ауылы, Сайын Шапағатов ауылы, Таушық ауылы, Форт-Шевченко қаласы, Баутино ауылы, Аташ елді мекені, Қызылөзен ауылы.

Түпқараған ЭЖА қызмет көрсету аймағында:
•10 128 жеке тұлға,
•821 заңды тұлға бар.

Түпқараған ЭЖА мамандары 8 қосалқы станцияға қызмет көрсетеді:
ПС Дунга-110/35/6 кВ
ПС Форт-110/10 кВ
ПС Ақшұқыр-110/10 кВ
ПС Баутино-110/10-10 кВ
ПС Түпқараған-110/10 кВ
ПС Әуежай-110/10 кВ
ПС Таушық-35/10 кВ
ПС Сайын-35/10 кВ.

Бұл қосалқы станциялар ауылдық елді мекендерді электрмен қамтамасыз етеді, сондай-ақ өңірдің ірі кәсіпорындары мен туристік объектілеріне электр энергиясын тікелей береді.

Түпқараған ЭЖА құру өңірді электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға, энергетикалық инфрақұрылым жұмысын оңтайландыруға және тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Түпқараған ЭЖА мекен-жайы: Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы, Өнеркәсіптік аймақ №11/4.

Түпқараған ЭЖА жұмыс уақыты: Дүйсенбі-жұма күндері, сағат 08:30-дан  17:30 аралығында. Түскі ас уақыты 12:30 бен 13:30 аралығында. Демалыс күндері сенбі, жексенбі.

Электр қуатын өшіруге байланысты мәселелер бойынша тұрғындар келесі байланыс нөмірлеріне жүгіне алады:
•Ақшұқыр және Сайын Шапағатов ауылдары: +7 777 599 80 80
•Форт-Шевченко қаласы, Баутино және Аташ ауылдары: +7 (7293) 82 21 79
•Қызылөзен ауылы: +7 777 550 47 09
•Таушық ауылы: +7 705 626 14 26