МАҢҒЫСТАУ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ПЕДАГОГТАРЫ «МӨЭК» АҚ-ДА ӨНДІРІСТІК ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТТІ

2025 жылдың 20-31 қаңтары аралығында Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің 13 оқытушысы «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ («МӨЭК» АҚ) базасында өндірістік тағылымдамадан өтті. Тағылымдаманың негізгі мақсаты – педагогтардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру және білім беру үрдісінде тәжірибеге бағытталған тәсілді арттыру.

Тағылымдама негізгі үш мамандықты қамтыды: «Электр жабдықтары», «Автоматтандыру және басқару» және «Бағдарламалық қамтамасыз ету». Бағдарлама аясында оқытушылар заманауи энергетикалық жабдықтардың негізгі сипаттамалары мен жұмыс принциптерін зерттеп, аймақтағы электр желісінің объектілерін пайдалану және қызмет көрсету процестерімен танысты. Сондай-ақ, электр энергетикасы саласында қолданылатын жаңа технологияларды зерттеуге ерекше назар аударылды.

Өндірістік тағылымдама педагогтарға заманауи электр энергетикасының қажеттіліктері жөнінде өзекті мағлұмат алуға мүмкіндік берді. Бұл оқу бағдарламаларын жетілдіруге, студенттерді сапалы дайындауға және олардың осы саладағы нақты жұмыс жағдайларына тез бейімделуіне негіз болары сөзсіз.

Болашақ мамандарға қойылатын кәсіби талаптарды нақты түсіну үшін, педагогтар өндірістік қызметтер мен өңірлік диспетчерлік орталыққа барды. Бұл электржелілік шаруашылық объектілерін пайдалану мен қызмет көрсету процесіндегі ағымдағы өзгерістермен танысуға, сондай-ақ «МӨЭК» АҚ тәжірибелі мамандарымен тікелей сөйлесуге мүмкіндік берді.

Тағылымдама қорытындысы бойынша оқытушылар бағдарламаға қатысқандығын және меңгергендігін растайтын сертификаттар алды. Мұндай іс-шаралар педагогтардың кәсіби дамуына ықпал етіп қана қоймай, білім беру мекемелері мен өндірістік кәсіпорындар арасындағы байланысты нығайтады,  бұл энергетика саласының жоғары білікті мамандарын даярлау жолындағы маңызды қадам болмақ.