МАҢҒЫСТАУ ӨҢІРЛІК ЭЛЕКТРТОРАПТЫҚ КОМПАНИЯСЫ METHODIST FORUM-ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

6 қазан күні Ақтауда Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінде «Methodist Forum: педагогтардың кәсіби дамуының траекториясын қалыптастырудағы әдіскердің қызметі» атты республикалық форум өтті.

Форум жұмысына «МРЭК» АҚ Корпоративтік оқу орталығының жетекшісі Елимай Қозибагарқызы белсенді қатысты. Ол форум аясында «Менторлық – мамандардың кәсіби бейімделуінің негізі» тақырыбында баяндама жасады. -Дуалды оқыту жүйесі кәсіпорындар мен оқу орындарын байланыстырып отырған тиімді құрал. Дуалды оқыту жүйесі арқылы студент білім беру ұйымдарындағы теориялық оқытудың және өндірістегі оқу тәжірибесін меңгереді. Дуальды оқыту жүйесі жас мамандарды оңай бейімдеуге және жұмысқа қабылдау жағын жеңілдетеді. Бүгінгі таңда біз қазақстандық университеттермен дуалды оқыту бойынша 10 меморандумға қол қойдық. Біздің компанияда тағылымдамадан тек студенттер ғана емес, біздің оқытушылар да өтуде, - деді Елімай Қозибағарқызы.

Форумға Ақтөбе, Атырау, Жамбыл облысы, Қызылорда облысы, Маңғыстау облысындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен педагогтері қатысты. Іс-шара қатысушылар педагогтардың кәсіби дамуындағы әдіскерлердің маңызды рөлін атап өтті. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында әдістемелік қолдау жүйесін қайта қарау, оны заманауи талаптарға бейімдеу және тәжірибе алмасу үшін көбірек алаңдар құру қажеттігі атап өтілді.