
Заманауи энергетика цифрлық технологияларға көбірек сүйенеді. Бүгінгі таңда мамандар үшін ақауларды жедел жою ғана емес, сонымен бірге жабдық жұмысының ауытқуларын алдын ала анықтау, зақымдалған орынды дәл табу және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету маңызды.
KKЖ компаниялар тобына кіретін «МӨЭК» АҚ мамандарының игілігіне заманауи цифрлық диагностикалық құрылғылар түсті. Жаңа жабдық электр желілік кешеннің техникалық жағдайын өз уақытында бағалауға және өндірістік процестердің қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Құрылғылар паркі мынадай заманауи жабдықтармен толықты:
Осы құрылғылардың әрқайсысы белгілі бір диагностикалық тапсырмаларды шешуге арналған. Жаңа жабдықты қолдану электрмен жабдықтау сенімділігін арттырады, диагностика уақытын қысқартады және персоналдың қосымша қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
DILO: элегазды жабдықтармен жұмыс істеудегі қауіпсіздік
Энергетика саласында жабдықтың күйіне де, онымен жұмыс істейтін қызметкерлердің қауіпсіздігіне де ерекше көңіл бөлінеді. «МӨЭК» АҚ — 220/110/35 кВ ажыратқыштардағы (элегаз) мен хладон концентрациясын үздіксіз бақылауға арналған DILO жүйесін енгізген өңірдегі алғашқы энергия беруші ұйымдардың бірі.
Жүйе газдардың концентрациясын мониторингтеуге, сондай-ақ элегазды жабдықтарды бақылауға, вакуумдеуге, сорып алуға және толтыруға арналған. DILO жүйесін қолдану газдардың азғантай жылыстауын (утечка) өз уақытында анықтауға және өлшеу нәтижелерін цифрлық форматта тіркеуге мүмкіндік береді. Бұл элегазды оқшаулағышы бар электр қондырғыларын (соның ішінде КРУЭ, ЗРУ) пайдалану кезінде аса маңызды.
Teleflex: зақымдалған орынды қашықтықтан анықтау
Ұзаққа созылған әуе электр беріліс желілеріндегі зақымдануды іздеу, әсіресе үлкен қашықтықтағы желілерде көп уақытты алуы мүмкін. Диагностика уақытын қысқартуға Teleflex рефлектометриялық жүйесі көмектеседі.
Жабдық әуе электр беріліс желілеріндегі зақымдалған орынды дәл анықтауға арналған. Жүйе ақаулық орынға дейінгі қашықтықты есептеп, қысқа тұйықталу немесе сымның үзілуі сияқты ақауларды анықтайды. Өлшеу нәтижелері эхограмма түрінде көрсетіледі, ал алынған деректер компьютер арқылы сақталып, талданады. Бұл апаттық бригадаларға зақымдалған учаскеге тікелей шығып, ақауды жедел жоюға мүмкіндік береді.
ПКВ/М7: жоғары вольтты ажыратқыштарды тексеру
Жоғары вольтты ажыратқыштар — электр желілік инфрақұрылымның басты элементтерінің бірі. Олардың ақаусыз жұмыс істеуіне электр қондырғыларының сенімділігі мен қауіпсіздігі байланысты.
Ажыратқыштардың техникалық күйін бақылау үшін «МӨЭК» АҚ мамандары ПКВ/М7 — жабдық жұмысы туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық өлшеу құралын қолдана бастады.
Бұл құрылғының көмегімен мамандар:
Алынған деректерді бекітілген параметрлермен салыстырып, цифрлық форматта талдауға болады. Мұндай тәсіл көзбен шолып тексерумен ғана шектелмей, механикалық және электрлік сипаттамаларды объективті бағалауға жол ашады.
Біртұтас цифрлық тәсіл
ПКВ/М7, Teleflex және DILO әртүрлі өндірістік міндеттерді шешеді, бірақ оларды біріктіретін басты нәрсе — дәлірек әрі уақтылы диагностика жасау үшін цифрлық технологияларды қолдану. Нәтижесінде жабдықтың күйін бақылаудың біртұтас алгоритмі қалыптасады: «өлшеу — талдау — ауытқуды анықтау — жою шараларын өз уақытында қабылдау».
«МӨЭК» АҚ үшін заманауи диагностикалық шешімдерді енгізу — бұл Маңғыстау облысының электр желілік кешенінің сенімділігін арттыру бойынша жүйелі жұмыстың бір бөлігі.






