
Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университетінің «Электроэнергетика» және «IT энергетика» факультеттерінің 3 курс студенттері «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ базасында өндірістік тәжірибеден өтті.
Бұл тәжірибе тек теориялық білімді толықтырып қана қоймай, сонымен қатар қазіргі заманғы энергетикалық жүйелердің іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін көруге жақсы мүмкіндік болды.
Тәжірибе бір ай бойы өтіп, энергия жабдықтарының негізгі сипаттамалары мен жұмыс істеу принциптерін тереңірек зерттеуді қамтыды. Студенттер теориямен танысып қана қоймай, сонымен бірге электр желілік шаруашылық нысандарын пайдалану және қызмет көрсету процестеріне тікелей қатысуға мүмкіндік алды.
Тәжірибе барысында олар электр энергетикасындағы жаңа технологиялармен танысты, бұл олардың кәсіби дайындықтарындағы маңызды қадам болды.
Практика барысында студенттер компанияның бірнеше негізгі бөлімшелерінің жұмысына тартылды. Оқытудың орталық кезеңдерінің бірі Орталық диспетчерлік қызметпен (ОДҚ) және электр энергиясын есепке алу мен бақылаудың автоматтандырылған жүйесімен (ЭКЕАЖ) танысу болды, онда олар нақты уақыт режимінде электр энергиясын тұтыну есебі мен мониторингін жүргізу процестерін зерделеді. Бұдан бөлек, студенттер Байланыс және диспетчерлік технологиялық басқару қызметі (БжДТБҚ), Жоғары жиілік желілер қызметі және өңірдің энергетикалық инфрақұрылымының үздіксіз жұмысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басқа да негізгі бөлімшелерде тәжірибеден өтті.
Бірқатар студенттер тәжірибеден тікелей Жетібай және Өзен ЭЖА-да өтті, онда оларға Маңғыстау облысындағы электр желілік шаруашылықты пайдалану ерекшеліктерімен танысу мүмкіндігі берілді.
Студенттердің атап өтуінше, компанияның осындай ірі әрі маңызды құрылымдық бөлімшелерінде өткен тәжірибе олар үшін аса пайдалы болды, бұл тек теориялық тұрғыдан ғана емес, сонымен бірге іс жүзінде энергетикалық жүйенің нақты жағдайда қалай жұмыс істейтінін түсінуге көмектесті.
«МӨЭК» АҚ Корпоративтік оқыту орталығының басшысы Елімай Қозыбағарқызы университеттермен, оның ішінде ALT University-мен ынтымақтастық компанияның кадр даярлау стратегиясындағы маңызды элемент болып табылатынын айтты. Жастар осындай саланың болашағы екенін және компания мамандары дәстүрлі энергетика мен цифрлық технологиялардың түйіскен жерінде инновацияларды сәтті енгізе отырып, міндеттерді шеше алуы үшін өз тәжірибелері мен білімдерін оларға беруге ұмтылатынын атап көрсетті.
Тағылымдама жас мамандардың дамуындағы маңызды кезең, бұл олардың кәсіби білік-дағдыларын жетілдіріп қана қоймай, сонымен бірге білім беру мекемелері мен өндірістік компаниялар арасындағы берік байланысты қалыптастыруға да септігін тигізері сөзсіз. Сондай-ақ, Елімай Қозыбағарқызы болашақта Ақтөбеден де студенттер келетінін атап өтті.






