ЭНЕРГИЯ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК ФОРМУЛАСЫ: АЙНҰР ҚАПАРОВАНЫҢ «МӨЭК» АҚ-ДАҒЫ ЖОЛЫ

 

Айнұр Бикбулатқызы Қапароваэнергетика саласында 12 жылдан астам тәжірибесі бар инженер-химик. 2013 жылдан бастап ««Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ-да (МӨЭК) еңбек етіп келеді, өз жолын Сынау қызметінде зертханашы лауазымында бастады, ал 2019 жылдан бастап инженер-химик болып қызмет атқарады.

Жастық шағында бұл саламен өмір жолын байланыстырамын деп еш ойламаған ол, уақыт өте келе энергетиканы өз өмірінің мағынасы етті.

- Мен ешқашан энергетикада жұмыс істеймін деп ойлаған жоқпын. Менің туған қалам Красноводскіде (қазіргі Түрікменбашы), Түркіменстанда мұнай өңдеу зауыты болған, мен сол жерге барғым келді. Сондықтан мектептен кейін Ашхабадтағы Түрікмен политехникалық институтына «Отын және көміртек материалдарының химиялық технологиясы» факультетіне оқуға түстім. 1999 жылы «Инженер химик-технолог» мамандығы бойынша диплом алдым, — дейді Айнұр Бикбулатқызы.

Бүгінгі таңда оныңкәсібиқызметіэнергетикалықжабдықтардыңқауіпсіздігіментұрақтыжұмысынқамтамасыз етумен тікелейбайланысты.Инженер-химикретіндеАйнұрБикбулатқызытрансформаторлар жұмысындағыоқшаулауменсалқындатудықамтамасыз ететін негізгіэлемент— трансформатормайыныңсапасынбақылайды.

- Энергетик — бұл шешім қабылдауға және олар үшін жауап беруге қабілетті адам. Бұл әлемдегі ең жауапты әрі қауіпті мамандықтардың бірі, - деп атап өтті Айнұр Қапарова.

Мамандығынан тыс Айнұр Бикбулатқызы — үлкен жүректі, мықты мінезді әйел. Айнұр Қапарова — сүйікті жар, төрт баланың (екі ұлы мен екі қызы) анасы, немересіне қамқор әже. Оның отбасы үлкен әрі тату: энергетикада жұмыс істейтін жұбайымен бірге олар жаңа ұрпақты тәрбиелеуде. Үлкен ұлы қазірдің өзінде сол саланы таңдап, отбасылық дәстүрді жалғастыруда.

Тығызкесте менүлкенотбасынақарамастан,АйнұрБекболатова өзіне уақыттабады:ол аспаздыққа әуес жәнеөмірліктепе-теңдікті сақтауғакөмектесетін пилатессабақтарынаүнеміқатысып жүреді.

Айнұр Қапарованың тарихы — кәсібиліктің, еңбекқорлықтың және рухани жылулықтың үйлесімі, нағыз маманды қалай қалыптастыруды көрсететін үлгі. Ол өзінің еңбегімен, білімімен және ісіне адалдығымен энергетикалық жүйенің сенімділігіне үлес қосып, мамандардың жас буынына үлгі бола білді. «МӨЭК» АҚ өз ұжымында осындай адамдардың жұмыс істейтінін мақтан тұтады.