
3
2025 жылдың 30 қыркүйек күні «МӨЭК» АҚ энергетиктері Ақтау қаласының №31 мектебінің 9, 10 және 11-сынып оқушыларымен кездесті. Басты мақсат-жұмысшы мамандықтарын дәріптеу және оқушыларға болашақ мамандығын таңдауға көмектесу.
Жоғары сынып оқушыларының алдында электр энергиясын бақылау және есепке алудың автоматтандырылған жүйелері бөлімінің бас маманы Ербол Тауасаров, орталық диспетчерлік қызметінің аға диспетчері Бибігүл Бесмағамбетова және Ақтау АЭЖ диспетчері Наурыз Қуандық сөз сөйледі. Олар энергетиктердің жұмысы қалай ұйымдастырылғаны, мамандықта қандай білім мен дағдылар қажет екендігі туралы айтып, жеке тәжірибелерімен бөлісті.
Ербол Тауасаровтың айтуынша, бүгінгі таңда энергетика тек сымдар мен жабдықтар ғана емес, сонымен қатар заманауи цифрлық технологиялар болып табылады.
-Жыл сайын салаға жоғары біліктілікті талап ететін жаңа шешімдер қажет. Біз жастарға техникалық мамандықтардың құндылығын түсінгенін және оларды даму перспективасы ретінде көргенін қалаймыз, - деді ол.
Ал Наурыз Қуандық диспетчердің жұмысында бүкіл қаланы электрмен жабдықтаудың тұрақтылығы үшін жауапкершілік керек екенін айтты.
-Мыңдаған тұрғындардың жайлылығы жедел шешімдерге байланысты. Бұл мамандық тәртіп пен командада жұмыс істей білуді талап етеді, - деді ол.
Кездесу барысында оқушылар мамандарға бейінді жоғары оқу орындарына түсу, мансаптық өсу перспективалары және энергетикадағы еңбек жағдайлары туралы сұрақтар қойды. «МӨЭК» АҚ қызметкерлері оқушыларды энергетиктердің жұмысын өз көздерімен көру үшін компанияға экскурсияға қатысуға шақырды.
Компания мұндай іс-шараларды үнемі өткізеді. Олар өскелең ұрпақтың жұмысшы кәсіптеріне деген құрметі мен аймақ үшін энергетика саласының маңыздылығын түсінуін қалыптастыруға бағытталған.
.






