19 желтоқсанда Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетика колледжінің студенттері мен оқытушылары өңірдің жетекші кәсіпорындарының бірі - «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ-да («МӨЭК» АҚ) болып қайтты. Экскурсия қатысушыларға энергетика саласындағы қазіргі заманғы технологиялар мен жұмыс қағидаттары туралы білуге, сондай-ақ өңірдің электржелілік шаруашылық нысандарын пайдалану және оларға қызмет көрсету процестерімен танысуға бірегей мүмкіндік берді.
Экскурсия барысында «МӨЭК» АҚ энергетиктері өңірдегі энергиямен жабдықтаудың сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын заманауи энергожабдықтардың негізгі сипаттамалары мен жұмыс қағидаттары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Студенттер электр энергетикасы саласындағы соңғы жетістіктер туралы түсінік алып, электр желілерін басқаруда қолданылатын озық технологиялармен танысты.
Экскурсияның жарқын тұстарының бірі өңірлік диспетчерлік орталыққа (ӨДО) бару болды. ӨДО-да жедел-диспетчерлік персоналды есептік-талдамалық қолдау жүзеге асырылады, бұл электр желілерін басқару кезінде шешім қабылдаудың сапасы мен жеделдігін едәуір арттырады. ӨДО өңірдегі энергиямен жабдықтаудың тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, технологиялық бұзушылықтар мен авариялық жағдайлардың алдын алуда маңызды рөл атқарады.
Бұдан басқа, студенттер мен оқытушылар «МӨЭК» АҚ Корпоративтік оқыту орталығында болып, компания қызметкерлері үшін өткізілетін оқыту бағдарламаларымен танысты. Бұл персоналдың біліктілігін арттыруға және энергетикалық объектілерді пайдалануға байланысты міндеттерді шешуде кәсібиліктің жоғары деңгейін қолдауға мүмкіндік береді.
Шағын станциялардың электр жабдықтарын сынауға және электр желілеріндегі ақауларды анықтауға арналған арнайы техникамен жабдықталған көп функционалды жылжымалы кәбілдік зертхананы тексеру де қызықты болды. Бұл ұтқыр жабдық барлық энергия жүйесінің сенімді жұмыс істеуіне ықпал ететін ақауларды диагностикалау мен алдын алуда маңызды рөл атқарады.
Студенттер сондай-ақ электр энергиясын есепке алу мен бақылаудың автоматтандырылған жүйесі (ЭКЕАЖ) бөлімінде болып, оларға электр энергиясын тұтыну мониторингі мен талдаудың заманауи тәсілдері туралы айтып берді. Бұған қосымша студенттер жабдықтарды дәл өлшеу және калибрлеумен айналысатын Метрология қызметінің, сондай-ақ Сынақ қызметінің химиялық зертханасының жұмысымен танысты.
«МӨЭК» АҚ экскурсиясы колледж студенттері мен оқытушылары үшін пайдалы әрі қызықты тәжірибе болды, оларға оқу орындарында алған білімдерін тәжірибеде қолдану және энергетика саласының жетекші мамандарының қалай жұмыс істейтінін көруге бірегей мүмкіндік берді.