ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН ТҰТЫНУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ!

Құрметті «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ-ның тұрмыстық тұтынушылары, тұтынылған электр энергиясы үшін уақтылы төлеу -Сіздің үйлеріңіздегі жайлылықтың кепілі екенін ұмытпаңыз.

Қажетсіз шығындар (артық төлемдер) түріндегі жағымсыз салдарларды болдырмау үшін,әрбір айдың 25-ші күніне дейін, тұтынылған энергия ресурсы үшін есеп айырысуды жүргізуге шақырамыз. Сіз, ең көп таралған төлем әдістерін, «Kaspi.kz», Halyk Bank қосымшаларын пайдалана отырып, тұтынылған электр энергиясы үшін төлем жасай аласыз.

Сондай-ақ, Сізге ыңғайлы болу үшін, Ақтау қаласы, 14 шағынаудан, №84 үй, «President» ТҮ кешенінде орналасқан тұтынушыларға қызмет көрсету орталығында, кассалар жұмыс істейді.