ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ НАРЫҒЫНДА МАҢҒЫСТАУДА ДЕЛДАЛДАР ЖОЙЫЛАДЫ

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда «Электр энергетикасы туралы» Заңға бүкіл ел бойынша электр энергиясын тұтынушыларға әсер ететін өзгерістер күшіне енеді. Негізгі жаңалықтардың бірі электр энергиясын түпкі тұтынушыларға сатумен айналысатын энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды (ЭЖҰ) тарату болады. Олардың функцияларын энергия беруші ұйымдар орындайтын болады.

Маңғыстау облысының тұрғындары үшін не өзгереді?

Маңғыстау облысында 2025 жылдан бастап энергиямен жабдықтаушы ұйымның міндеттерін тиісті лицензия алған «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ-ның энергия беруші ұйымы өз мойнына алады. Бұрын тұтынушыларға қызмет көрсеткен жұмыс істеп тұрған «Маңғыстау Жарық» ЖШС электрмен жабдықтау қызметін тоқтатады. Энергиямен жабдықтауға байланысты барлық қызметтер бір ұйым арқылы ұсынылатын болады. Бұл өзара іс-қимыл процесін жеңілдетіп, кез келген мәселені тез шешуге мүмкіндік береді.

Өзгерістерді не береді?

  • Шығындарды оңтайландыру - ЭЖҰ мен энергия беруші ұйымдар арасындағы қайталанатын функцияларды жою операциялық шығыстарды қысқартады. Босаған ресурстар инфрақұрылымды жаңартуға және қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталады.
  • Ашықтық пен ыңғайлылық - энергиямен жабдықтау тізбегіне қатысушылар санының қысқаруы тұтынушылармен өзара іс-қимылды анағұрлым ашық етеді. Енді барлық мәселелер бір ұйым арқылы шешіледі, бұл бюрократияны азайтып, үдерісті жеңілдетеді.
  • Жауапкершілікті орталықтандыру - техникалық қызмет көрсету мен энергиямен жабдықтауды қоса алғанда, барлық негізгі функциялар бір компанияда шоғырланған. Бұл міндеттерді ауыстыруды болдырмайды және коммуникацияны жеңілдете отырып, тұтынушылар үшін бірыңғай байланыс тұлғасын құрады.

Бұл өзгерістер барлық тұтынушылар үшін анағұрлым тиімді, мөлдір және сенімді энергия жүйесін құруға бағытталған. «МӨЭК» АҚ жарты ғасырдан астам уақыттан бері Қазақстанның батыс өңіріндегі әлеуметтік маңызы бар ірі кәсіпорындардың бірі болып табылады. Маңғыстау облысында «МӨЭК» АҚ электр энергиясын беру және тарату бойынша қызметтер көрсетеді. Қазіргі заманғы энергия жабдықтары мен білікті мамандары бола отырып, компания өзін энергиямен жабдықтау саласындағы ең күрделі міндеттерді шешуге қабілетті сенімді серіктес ретінде танытты. Маңғыстау тұрғындары «МӨЭК» АҚ-на көшу тек жақсы өзгерістерді ғана әкелетініне сенімді болуы мүмкін.

«МӨЭК» АҚ Басқарма төрағасы Қасымхан Сыздықов тұрмыстық тұтынушылар үшін өзгерістер аз болатынын атап өтті.

Тұрмыстық тұтынушылар электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты негізінде электр энергиясын алуды жалғастырады. Тұтынушы, бұрынғыдай, тұтынылған электр энергиясын мобильді банктік қосымшалар арқылы «Төлемдер» бөлімінде: Маңғыстау ЕЖД (бірыңғай төлем құжаты) немесе «МӨЭК» АҚ қызметін таңдап ала алады. Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығы да тұрғындардың толық иелігінде қалады.

Тұрмыстық емес тұтынушыларға келетін болсақ, оларға шарттарды қайта жасау үшін Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет.

- Біздің кәсіпорынның басымдықтарының бірі оның барлық қызметінің жариялылығы мен ашықтығы болып табылады. «МӨЭК» АҚ өңірді үздіксіз және тұрақты энергиямен қамтамасыз ету жөніндегі өз міндетін толық түсіне отырып, тұтынушылармен ашық диалог форматында қарым-қатынас орнатады. Біздің компания электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша ағымдағы міндеттерді өз мойнына алып қана қоймай, өңірдің инфрақұрылымын дамыту бойынша жыл сайын белсенді жұмыс жасап келеді. Осы жұмыс аясында біз желілерді жаңғыртумен, озық технологияларды енгізумен және энергия жүйесінің сенімділігін жақсартумен айналысамыз, - деді Қасымхан Сыздықов.

Сондай-ақ, Қасымхан Сыздықов компанияның негізгі басымдықтарының бірі жұмыс орындарын сақтау болып табылатынын атап өтті. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмысын тоқтататын «Маңғыстау Жарық» ЖШС қызметкерлері МӨЭК штатына кіріктірілетін болады.

- Біз өңірдегі әлеуметтік тұрақтылықтың маңыздылығын түсінеміз. Жұмыс орындарын сақтап қалу - қызметкерлердің қолдауы ғана емес, қоғамның тұрақты дамуына қосқан үлесі, - деп мәлімдеді Қасымхан Сыздықов.

«Маңғыстау Жарық» ЖШС бас директоры Айдос Әбенов:

«Тұтынушыларға ыңғайлы болу үшін және қате төлемдер жағдайларын болдырмау үшін, сондай-ақ, «МӨЭК» алдындағы кредиторлық берешекті ескере отырып, тұтынушылардың дебиторлық берешегін МӨЭК-ке беру туралы бірлескен шешім қабылданды. Осылайша, бұрын жинақталған берешек және қаңтардың басында алынған «Маңғыстау Жарық» түбіртектерінде көрсетілген ағымдағы есептеулер бойынша электр энергиясы үшін төлемді белгіленген тәртіппен «МӨЭК» жіберу қажет.

Ақтау қаласы, 14-ші шағын аудан, 84 үй, «President» ТК бұрынғы мекен-жайы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы өз жұмысын жалғастырады. Мұнда барлық сұрақтар бойынша кеңестер алуға болады. Сондай-ақ, халыққа ыңғайлы болу үшін колл-орталықтардың жұмысы ұйымдастырылған. Мына нөмірлер бойынша хабарласуға болады: 8 (7292) 32-00-14 және 8 (7292) 32-00-15.

Жаңаөзен қаласы мен аудандардың тұрғындары келесі елді мекендерде орналасқан аумақтық орталықтарда электрмен жабдықтау мәселелері бойынша қажетті ақпаратты ала алады:

* Жаңаөзен қ., Мұнайлы ш., 1А, «Арманда» БО.

Телефондары: 8 778 268 45 66, 8 777 779 40 50.

* Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, 14 орам, 24 ғимарат, 2 қабат.

Телефондары: 8 777 778 78 79, 8 771 079 30 98.

* Бейнеу ауд., Бейнеу ауылы, Д.Тәжиев к-сі, ғимарат 69. «Агния» БО.

Телефондары: 8 777 779 30 40, 8 771 079 30 97.

* Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы, Орталық көшесі, Исатай Төленбайұлы көшесі, «Шеркала», 2 қабат.

Телефондары: 8 775 589 41 49, 8 777 779 59 69.

* Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко ауылы, Қызылбаев көшесі, үй. 26а, «Барыс Голд» БО, оф. 2/7.

Телефондары: 8 777 779 29 59, 8 701 593 02 57.

* Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы, «Орталық» БО, 2 қабат.

Телефондары: 8 777 778 25 25, 8 702 287 76 44.

* Қарақия ауданы, Құрық ауылы, Сәтбаев көшесі, ғимарат 209, 2 қабат, 134 каб.

Телефондары: 8 777 778 38 38, 8 705 366 8030

* Қарақия ауданы, Жетібай ауылы, Ұлытас ықшам ауданы, 11/11.

Телефондары: 8 777 778 38 38, 8 701 694 85 87

«МӨЭК» АҚ мамандары сіздердің барлық сұрақтарыңызға жауап беріп, электрмен жабдықтауға байланысты кез келген жағдайды шешуге көмектесуге дайын.

 

Анықтама үшін: «МӨЭК» АҚ табиғи монополия субъектісі болып табылады және Маңғыстау облысының тұтынушыларына электр энергиясын беру жөнінде қызметтер көрсетеді. «МӨЭК» АҚ басты міндеті электр энергиясын тұтынушыларға сенімді және үздіксіз беру болып табылады.

«МӨЭК» АҚ бес мың шақырымнан астам желіні пайдаланады, кәсіпорынның теңгерімінде 67 қосалқы станция бар.

 

БАҚ контактілері:

Лиана Рязанцева, +7 701 491 37 11