Нұрсұлтан Құлмақ – «МӨЭК» АҚ метрологиялық қызметінің бас маманы.
Ол бұл салада 10 жылдан бері еңбек етіп келеді. Қарапайым метрологтан бастап, үздіксіз үйрену мен кәсіби дамудың арқасында қазіргі қызметіне дейін көтерілді.
Метролог мамандығы үлкен жауапкершілік жүктейді. Өйткені энергетикалық жүйенің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі өлшеу құралдарының дәлдігіне тікелей байланысты, дейді бас маман.
Нұрсұлтан үшін бұл жұмыс — мақтаныш пен қанағаттың көзі. Ол өз еңбегі арқылы облыс тұрғындары мен кәсіпорындарын сенімді энергиямен қамтуға үлес қосып келеді.