ДӘУІР АДАМЫ: «МӨЭК» АҚ-ДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЭНЕРГЕТИГІ МАЙЛЫБАЙ ӘМИНҰЛЫ АЙМАҒАМБЕТОВТІ ЕСКЕ АЛУ КҮНІН АТАП ӨТТІ

2 мамырда «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ-да («МӨЭК» АҚ) Қазақстанның және ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі, Ақтау қаласының Құрметті азаматы Майлыбай Аминұлы Аймағамбетовке арналған еске алу іс-шарасы өтті.

Еске алу күні бір минуттық үнсіздікпен және кәсіпорын аумағында орнатылған Майлыбай Аймағамбетовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Бұл күні еңбек сіңірген энергетик туралы көптеген жылы естеліктер айтылды. Іс-шараға облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Жәнібекұлы Матаев, Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Рашит Тұранұлы Мұстапаев, Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменттің басшысы Азамат Маткенов, саланың ардагерлері, әріптестері, сондай-ақ Майлыбай Әминұлының туыстары мен жақындары қатысты.

МайлыбайАймағамбетовҚазақстанныңэнергетикасаласындамытуғазор үлесін қосты. Ол 1944жылы5мамырдаТүрікменКСР Красноводск ауданында дүниеге келген.

1970 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітіріп, инженер-электрик мамандығын алды. Институтты бітіргеннен кейін Маңғышлақ электр желілері кәсіпорнына жіберіліп, мұнда ол инженер болып жұмыс істеді, содан кейін 1971 жылы Релелік қорғаныс және автоматика қызметінің бастығы лауазымына ауыстырылды.

1974-1982 жылдар аралығында КСРО Мұнай өнеркәсібі министрлігінің «Одақтық мұнай-газ өңдеу» Бүкілодақтық өндірістік бірлестігіне қарасты Қазақ газ өңдеу зауытының энергиямен жабдықтау цехының бастығы болып ауыстырылып, содан кейін бас энергетигі болып тағайындалды.

1982 жылы «Гурьевэнерго» ӨБ құрамындағыМаңғышлақэлектржелілерікәсіпорнын басқаруға тағайындалған сәттен бастап, 25 жыл бойы «МӨЭК» АҚ қызметіне басшылық жасады.  Кейін кәсіпорын акционерлікқоғам болып қайта құрылуынабайланысты 1996-2007жылдар кезеңінде «МӨЭК» АҚПрезиденті болып жұмыс істеді.

Қазақгаз өңдеу зауытыныңқұрылысына, сондай-ақ Өзен,Теңіз,Жетібай, Бозашы түбегіндегі мұнай кен орындарын электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін электр беру желілеріменқосалқы станцияларынмонтаждауғабелсенеқатысты.

2005 жылы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Н.Ә.Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының Ақтау қалалық бөлімшесін басқарды.

Майлыбай Әминұлы жоғары еңбек көрсеткіштері үшін 1981 жылы «КСРО мұнай өнеркәсібінің үздігі» белгісімен марапатталды, бірнеше рет КСРО және Қазақ КСР Энергетика және электрлендіру министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. 1989 жылы «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.

2000 жылы ГОЭЛРО жоспарының қабылданғанына 80 жыл толуына орай Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Құрмет грамотасымен, сондай-ақ «Ресей БЭЖ» РАҚ Құрмет белгісімен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай, 2001 жылы Майлыбай Әминұлы «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды. 2004 жылдың тамызында «Өзен кен орнына 40 жыл» құрмет белгісімен марапатталды.

2005 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. 2006 жылы оған «Қазақстанның еңбек сіңірген энергетигі», «ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі» және «Ақтау қаласының Құрметті азаматы» атақтары берілді.

Негізгі еңбек қызметінен басқа Маңғыстау облысының қоғамдық өміріне де белсене қатысты. Оның бастамасымен және басшылығымен 2005 жылы Маңғыстау ауданында «Отпан-Тау» тарихи-мәдени кешенін электрмен қамтамасыз ету үшін құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді, бұл облыс тұрғындары мен қонақтарына 14 наурыз Амалды жыл сайын мерекелеуге және басқа да маңызды күндер бойынша мәдени іс-шаралар өткізуге мүмкіндік берді.

2009 жылдан бастап Майлыбай Аймағамбетов Ақтау қаласының ардагерлер кеңесіне төрағалық етті, ал 2014 жылы «МӨЭК» АҚ Ардагерлер кеңесін басқарды.

Майлыбай Әминұлы 2015 жылдың 28 шілдесінде кенеттен қайтыс болды.

2016 жылы «МӨЭК» АҚ Басқармасының шешімімен М.А.Аймағамбетовтің есімі 110/10 кВ «Ақшұкыр» қосалқы станциясына берілді, сондай-ақ оның өмір жолы мен қызметі туралы естелік кітап жарық көрді.

2021 жылғы 24 желтоқсанда ҚР Энергетиктер күні кәсіби мерекесіне орай «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ аумағында Майлыбай Әминұлы Аймағамбетовке арналған ескерткіш салтанатты түрде ашылды.

«Майлыбай Әминұлының еңбек жолы, оның жанқиярлығы, кәсібилігі мен азаматтық ұстанымы әріптестерінің, достарының және ризашылық білдіретін ұрпақтарының жүрегінде мәңгі сақталады. Ол өз ісіне адалдықтың айқын символына айналып, энергетика саласындағы жас мамандар үшін үлгі болды. Майлыбай Әминұлы Аймағамбетовке деген жарқын естелік Қазақстан энергетикасының тарихында мәңгі өмір сүреді», – деді «МӨЭК» АҚ Басқарма Төрағасы Қасымхан Сыздықов.