БОЛАШАҚ ЭНЕРГЕТИКТЕР «МӨЭК» АҚ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің студенттері мен оқытушылары «МӨЭК» АҚ жұмысымен танысты. Іс-шара өңірдің білім беру мекемелері мен энергетикалық кәсіпорындары арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ жастардың инженерлік-техникалық мамандықтарға деген қызығушылығын дамытуға бағытталған.

Экскурсия аясында студенттер «МӨЭК» АҚ корпоративтік оқыту орталығына барды, онда қатысушылар ішкі оқыту жүйесімен, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі шаралармен, сондай-ақ компаниядағы кәсіби өсу және мансаптық даму мүмкіндіктерімен танысты. Әрі қарай студенттерге өңірлік диспетчерлік орталыққа (РДЦ) барып, оларға энергия ағындарын басқару, электр желілерінің жай-күйін мониторингілеу және энергиямен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз ететін заманауи бағдарламалық қамтамасыз етудің жұмыс істеу қағидаттары көрсетілді.

Экскурсия барысында Satbayev University (Алматы) «Автоматтандыру және басқару» мамандығының 4 курс студенті Дәулет Сейтбаев «МӨЭК» АҚ-да дуальды оқытудан өтәп жатқандығын айтып, экскурсияға қатысушылармен өзінің әсерлерімен және компаниядағы дайындық тәжірибесімен бөлісті.

-Компания базасында практикалық дайындық энергетикалық жүйелердің нақты жұмысын көруге, өндірістік процестерді жақсы түсінуге және университетте алған білімдерін тәжірибеде қолдануға көмектеседі, - деді ол.

Сынақ қызметінің химиялық зертханасын көру студенттердің ерекше қызығушылығын тудырды. Онда олар трансформатор майының физика-химиялық сипаттамаларын, оқшаулау сапасын және электр желілерінің үздіксіз жұмысына әсер ететін басқа параметрлерді анықтауға бағытталған зертханалық талдаулар жүргізуді қадағалады.

-Біз үшін жастардың тек диплом алып қана қоймай, білімнің нақты шешімдерге қалай айналатынын түсінуі маңызды. Біз жас мамандарды дамытуға мүдделіміз, өйткені олар саланың болашағын қалыптастырады, - деді корпоративтік оқыту орталығының басшысы Елимай Қозибағарқызы.

Экскурсия студенттерге кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттарымен танысуға және өңірдің энергетикасында заманауи технологиялардың қалай қолданылатынын көруге мүмкіндік берді. Мұндай іс-шаралар кадрлық әлеуетті қалыптастыруға және жастар арасында жұмысшы мамандықтарының тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.