БИЫЛ «МӨЭК» АҚ ЭНЕРГЕТИКТЕРІ 536,5 ШАҚЫРЫМҒА ЖУЫҚ ӘУЕ ЖЕЛІЛЕРІН ЖӨНДЕЙДІ

2026 жылы 1 сәуірден бастап «МӨЭК» АҚ энергетиктері 2026–2027 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге белсенді дайындық жұмыстарын бастайды. Алты ай ішінде компания мамандары тұтынушыларды сенімді әрі үздіксіз электрэнергиясымен қамтамасыз ету мақсатында өңірдің электр желілері нысандарында ауқымды жөндеу жұмыстарын жүргізеді.
Жөндеу науқаны энергетиктердің қызметіндегі жылсайынғы және ең маңызды кезеңдердің бірі болып табылады. Оның аясында қосалқы станция жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу, әуе электр беру желілерін (ӘЖ) қалпын акелтіру, релелік қорғау және автоматика құрылғыларын тексеру, сондай-ақ қажетті сынақтар мен өлшеулер жүргізіледі. Бұл шаралар апаттық ажыратулар қаупін төмендетіп, жүктемелер жоғарылаған және қолайсыз ауа райы жағдайларында да энергожүйенің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
2026 жылы шаруашылық тәсілмен жүзеге асырылатын жөндеу бағдарламасы шеңберінде «МӨЭК» АҚ мамандарына жалпы ұзындығы 536,5 шм әуе желілерін, кернеуі 6/10 кВ болатын 77 жинақталған трансформаторлық қосалқы станцияны, сондай-ақ кернеуі 35–220 кВ болатын 2 қосалқы станцияны жөндеу міндеті жүктеліп отыр.
Электр желілерінің сенімділігін арттыру мақсатында 380 ақаулы тіректі, физикалық тұрғыдан тозған сымдарды және 5 мыңнан астам оқшаулағышты ауыстыру жоспарлануда. Сонымен қатар мердігерлік тәсілмен жоғары кернеулі электр беру желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда, ВЛ-110 кВ «Л-Плато-1,2», ВЛ-110 кВ «Л-Н-2» (ПС «Демалыс базасы» тармағы), ВЛ-110 кВ «Л-Ж-У-1,2» (ПС «Шығыс Жетібай» тармағы), сондай-ақ ВЛ-35 кВ «Л-ОРС-1,2» желілерінде фарфор оқшаулағыштары заманауи шыны оқшаулағыштарға ауыстырылады.
Бұдан бөлек, ВЛ-110 кВ желілеріндегі металл тіректердің табан элементтерін жөндеуге ерекше көңіл бөлінеді — 2026 жылы 200 дана подножникті қалпына келтіру жоспарланып отыр.
Қыс мезгілі әлі аяқталмаса да, энергетиктер келесі жылыту маусымына дайындықты қазірдің өзінде бастап кетті. Жөндеу бағдарламасының іске асырылуы өсіп келе жатқан жүктемелер жағдайында өңірді сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.