БИЫЛҒЫ ЖЫЛЫ «МӨЭК» АҚ ЭНЕРГЕТИКТЕРІ 528 ШМ. ЖУЫҚ ӘУЕ ЖЕЛІЛЕРІН ЖӨНДЕЙДІ

«Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ (МӨЭК) энергетиктері 2025 жылдың 1 сәуірінен бастап 2025-2026 жылдардың күзгі-қысқы мезгіліне белсенді дайындықты бастайды. Тұтынушыларды сенімді әрі үздіксіз электрмен жабдықтау үшін, энергетиктер алты ай ішінде электр желілері объектілерін жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар жасауды жоспарлап отыр

Жөндеу науқаны – энергетикалық инфрақұрылымды жұмыс бабында ұстауға бағытталған жыл сайынғы іс-шара. Энергетиктер қосалқы станция жабдығына, әуемен электр беру желілеріне (ӘЖ) техникалық күтім жасайды әрі жөндейді, релелік қорғау мен автоматика құрылғыларын тексереді, сынақтар мен өлшеулер жүргізеді. Бұл шаралар апаттық жағдайлар қаупін азайтуға және жоғары жүктемелер мен төтенше ауа-райы жағдайында да тұтынушыларды тұрақты түрде электр қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2025 жылы шаруашылық тәсілмен жөндеу бағдарламасы аясында, «МӨЭК» АҚ АҚ мамандары, жалпы алғанда 527,5 шм әуе желілерін, кернеуі 6/10 кВ болатын 106 жинақтық трансформаторлық қосалқы станцияларды, кернеуі 35-220 кВ болатын 5 қосалқы станцияны жөндеуі қажет. Электр желілерінің сенімділігін арттыру үшін «МӨЭК» АҚ мамандары 400 ақаулы тіректерді, физикалық жағынан тозған өткізгіш сымдарды және 5 мыңнан астам оқшаулағышты ауыстыруы керек.

Бұдан басқа, мердігерлік тәсілмен кернеуі 35 кВ және одан да жоғары бес күштік трансформатордың оқшаулағыш қасиеттері қалпына келтіре отырып жөнделеді. Сондай-ақ мынадай жоғары вольтты желілерді: ВЛ-110 кВ Л-Тенге-1, 2, ВЛ-110 кВ Л-Карамандыбас-1, 2, ВЛ-110 кВ Л-КС-Узень-1, 2, ВЛ-35 кВ Л-Глинзавод-1, 2 және ВЛ-3 кВ Л-Саускан фарфор оқшаулағыштарын шыны оқшаулағыштарға ауыстыру арқылы жөндеу жоспарлануда. Сонымен бірге, ВЛ-110 кВ желілері тіректерінің 176 бетон табанына жөндеу жүргізіледі.

Қыс әлі жалғасып жатқанына қарамастан, энергетиктер келесі жылу маусымына арналған іс-шараларды белсенді түрде жоспарлап отыр. Жөндеу бағдарламасын іске асыру «МӨЭК» АҚ компаниясына жоғары жүктемелер жағдайында да өңір үшін ерекше маңыздылығы бар сенімді электрмен жабдықтауға кепілдік береді. Компания қызметкерлерінің жауапкершілігі мен кәсіби біліктілігі арқасында тұтынушылар жылдың кез келген уақытында электр энергиясының тұрақты жеткізілетініне сенімді бола алады.