АТОМ ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ МЕН БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ «МРЭК» АҚ-ҒА КЕЛДІ

Комитет төрағасы Ержан Ертаев Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы Азамат Мәткеновпен бірге жұмыс сапары аясында «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ-ға келді. Сапардың мақсаты компанияның қызметімен танысу және өңірдің электржелілік шаруашылық нысандарының жай-күйін бағалау болды.

Сапар барысында Ержан Ертаев пен Азамат Мәткенов «МӨЭК» АҚ нысандарының алдағы 2024-2025 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіне дайындығымен танысты. «МӨЭК» АҚ Басқарма төрағасы Қасымхан Сыздықов жөндеу науқанының негізгі кезеңдері мен жабдықтарды жаңғырту, сондай-ақ өңірдегі электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру шаралары туралы айтып берді.

Ержан Ертаев Маңғыстау облысы тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін энергетикалық инфрақұрылымды уақытылы дайындау мен жаңғыртудың маңыздылығын атап өтті.

«МӨЭК» АҚ басшылығы алдағы маусымға дайындығын растады және компания жұмысының тиімділігін арттыру және өңірде үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін өткізілетін іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара соңында қатысушылар кәсіпорынның энергетикалық нысандарының бірі - Ақтау қаласындағы ПС-110/10 кВ «ГПП-3Г» қосалқы станциясында болды. Нысанда компания басшылығы шағын станцияның ағымдағы жағдайы, жабдықтарды жаңғырту және қаланы электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру туралы айтып берді.