АЛҒАШҚЫ ЖЕЛІЛЕРДЕН СМАРТ-ЖЕЛІЛЕРГЕ ДЕЙІН: «МӨЭК» МАҢҒЫСТАУМЕН БІРГЕ 60 ЖЫЛ ІШІНДЕ ҚАЛАЙ ӨЗГЕРДІ

Кейбір нәрселердің құндылығы олар кенеттен істен шыққанда ғана ерекше қатты сезіледі. Күн сайын жарықты қосамыз, лифтті, тұрмыстық техниканы, компьютерді пайдаланамыз, өндірісті іске қосамыз, бірақ мұның артында не тұрғаны туралы тіпті ойланбаймыз да. Электр энергиясы өміріміздің әдеттегі бөлігіне айналғаны сонша, біз оның бар болуын заңды құбылыс ретінде қабылдаймыз.

Бірақ жүйе сәл де болса тоқтап қалса — үйреншікті өмір ырғағы бірден өзгереді. Электр энергиясының үздіксіз берілуінің артында орасан зор жұмыс тұр: мыңдаған шақырым желілер, қосалқы станциялар, диспетчерлік орталықтар, күрделі жабдықтар және ең бастысы — адамдар. Маңғыстау облысының үйлеріне, кәсіпорындарына және әлеуметтік нысандарына электр энергиясының жеткізілуін күн сайын қадағалап отырған да — осы мамандар.

2026 жылғы 1 қарашада «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ өзінің 60 жылдық мерейтойын атап өтті. «МӨЭК» АҚ-ның көпжылдық даму тарихы 1966 жылы «Қазақстанмұнай» бірлестігінің құрамында Маңғышлақ электр желілері кәсіпорны (МЭЖК) құрылған кезден бастау алады. Алты онжылдық ішінде компаниямен бірге Маңғыстаудың өзі де өзгерді: мұнай өндірісі дамыды, қалалар мен ауылдар бой көтерді, жаңа кәсіпорындар, жолдар мен әлеуметтік нысандар пайда болды. Ал энергетиктер осы өсімді қамтамасыз еткен инфрақұрылымды қадамдап құра білді.

Компанияның теңгерімінде 5 474,9 шақырым әуе электр жеткізу желісі, 68 қосалқы станция және 546 трансформатор бар. МӨЭК құрамына жеті аудандық электр желісі кіреді: Ақтау, Бұзашы, Түпқараған, Бейнеу, Шетпе, Жетібай және Өзен ЭЖА.

«Компаниямыз үшін 60 жылдық мерейтой — бұл кәсіпорын тарихындағы жай ғана сан немесе соңғы нүкте емес. Бұл — біздің алдымыздан жаңа міндеттер мен мүмкіндіктерді ашатын маңызды белес әрі жаңа кезеңнің басы. Бүгінде біз аймақпен бірге энергетикалық жүйеге қойылатын талаптардың да өзгеретінін түсінеміз. Жүктеме артып, жаңа аумақтар мен нысандар пайда болуда, кәсіпорындар дамып, цифрлық технологиялар енгізілуде. Сондықтан біздің міндетіміз — аға буын құрған мұраны сақтап қана қоймай, компанияны жүйелі түрде дамыту, желілер мен жабдықтарды жаңғырту, сенімділікті арттыру және заманауи шешімдерді енгізу. Ең бастысы — МӨЭК -нің басты ресурсы әрқашан адамдар болған және болып қала береді. Бүгінгі міндеттерді еңсеріп, болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік беретін де — мамандарымыздың кәсібилігі, жауапкершілігі мен ұрпақтар сабақтастығы. Біз мамандар даярлауға, құзыреттерді дамытуға және жас энергетиктердің тәжірибе жинақтап, өздерінің кәсіби мектебін қалыптастыруына жағдай жасауға үлкен көңіл бөлеміз. МЭТК үшін келесі онжылдықтар жаңа жобалардың, технологиялық дамудың және жаңа жетістіктердің кезеңі болатынына сенімдімін. Басты мақсатымыз өзгеріссіз қалады — ол Маңғыстау облысын сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету және өңірді одан әрі дамыту үшін энергетикалық негіз қалыптастыру», — деді «МӨЭК» АҚ Басқарма төрағасы Қасымхан Сыздықов. 

60 жыл ішінде энергетикалық жабдық танымастай өзгерді: жаңа технологиялар, автоматтандырылған жүйелер мен цифрлық шешімдер пайда болды. Бірақ бір нәрсе өзгеріссіз қалды — ол энергетиктің электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен қауіпсіздігі үшін мойнына алған жауапкершілігі.

«Бүгінде «МӨЭК» АҚ-да мыңнан астам маман жұмыс істейді. Электромонтерлер, диспетчерлер, инженерлер, цифрлық технологиялар, қауіпсіздік және басқару жөніндегі мамандар — әрқайсысы үлкен жүйенің өз учаскесіне жауап береді. Оның үстіне, энергетиктің жұмысы жұмыс күнінің аяқталуымен бітпейді. Электр энергиясы адамдарға мен кәсіпорындарға тәулік бойы қажет, сондықтан біздің жауапкершілігіміз де жұмыс уақытымен шектелмейді. Кез келген сәтте жедел шешімді талап ететін жағдай туындауы мүмкін, ал біздің мамандар бұған дайын болуы тиіс. Кәсіпорындардың, әлеуметтік нысандардың тұрақты жұмысы, түптеп келгенде, бүкіл өңір тұрғындарының әдеттегі тыныс-тіршілігі осы мамандардың кәсібилігі мен жауапкершілігіне байланысты», — деді «МӨЭК» АҚ Персоналды басқару басқармасының басшысы Асемгуль Ходжабекова.

Кез келген компанияда таныстырылымға (презентация) оңай шығаруға болатын сандар бар: желілердің шақырымы, қосалқы станциялардың, трансформаторлардың, қызметкерлердің саны. Бірақ әр санның артында адамдар тұр. Біреулер аптап ыстық пен сарышұнақ аязда ондаған жылдар бойы желіге шықты. Біреулер диспетчерлік орталықта ауысымда болды. Біреулер жаңа нысандарды жобалады. Біреулер апаттардан кейін жабдықтарды жөндеді. Ал біреулер бүгін алғаш рет жұмыс дулығасын киіп, өзінің кәсіби жолын жаңадан бастап жатыр. МӨЭК -нің шынайы тарихы — осы адамдардан құралады. Алпыс жыл — бұл мыңдаған мамандар мен миллиондаған жұмыс сағаттары. Бұл — Маңғыстаудың энергожүйесін құрған әрі дамытқан, күрделі кезеңдерден өткен, жаңа технологияларды меңгеріп, өз білімін әріптестеріне берген энергетиктердің тұтас ұрпағы.

1966 жылы шағын энергетиктер ұжымының алдында қарқынды дамып келе жатқан өнеркәсіптік өңірді электр энергиясымен қамтамасыз ету міндеті тұрды.

Бүгінде МӨЭК алдында Маңғыстаудың энергетикалық инфрақұрылымын дамытуға байланысты жаңа ауқымды міндеттер тұр. Электр энергиясын тұтынудың өсуі желілердің өткізу қабілетін арттыруды, қажетті қуат резервін құруды және жаңа кәсіпорындарды, тұрғын үй алқаптары мен әлеуметтік нысандарды қосу үшін инфрақұрылымды уақтылы дайындауды талап етеді.

Бұл ретте энергетикалық жүйе өңірдің өсу қарқынына сай болу үшін ілгерілей отырып дамуы тиіс. Сондықтан МӨЭК -нің жақын жылдарға арналған басты міндеттерінің бірі — желілер мен жабдықтарды одан әрі жаңғырту, электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру және уақыт талабына сай, ұзақ мерзімді перспективада Маңғыстаудың қажеттіліктерін қамтамасыз ете алатын заманауи технологиялық инфрақұрылым құру.