
«МРЭК» АҚ электр энергиясын есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін беру және мобильді қосымшалар арқылы төлем жасау тәртібін түсіндірді.
Компания Ақтау тұрғындары электр энергиясы үшін Kaspi.kz және Halyk мобильді қосымшаларындағы «ЕПД Маңғыстау» сервисі (бірыңғай төлем құжаты) арқылы төлем жасауы қажет екенін еске салды. Сервисте электр энергиясы мен басқа да коммуналдық қызметтерге ақы төлеумен қатар есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін беру мүмкіндігі қарастырылған.
2025 жылдың қыркүйегінен бастап «ЕПД Маңғыстау» аясында қызмет көрсетілетін Ақтау қаласының дербес шоттары бойынша электр энергиясын есепке алу аспаптарының көрсеткіштері Kaspi.kz және Halyk мобильді қосымшалары арқылы төлем жасау кезінде беріледі. Бүгінде ЕПД арқылы көрсеткіштерді енгізу функциясы дәл осы қосымшаларда қолжетімді. Есептеу үшін қабылданған көрсеткіштер қағаз түріндегі ЕПД-де алдыңғы көрсеткіштер ретінде, сондай-ақ мобильді қосымшаларда көрсетіледі, — деп атап өтті «МРЭК» АҚ.
Электр энергиясы үшін төлем жасап, көрсеткіштерді беру үшін төмендегі әрекеттерді орындау қажет:
Kaspi.kz немесе Halyk мобильді қосымшасын ашыңыз.
«Төлемдер» бөліміне өтіңіз.
«ЕПД Маңғыстау» сервисін таңдаңыз.
Дербес шотыңыздың нөмірін енгізіңіз.
«Есептегіш көрсеткіштері» бөліміне өтіңіз.
Есепке алу аспабының ағымдағы көрсеткіштерін енгізіңіз.
Электр энергиясы және басқа коммуналдық қызметтер үшін төлем жасаңыз.
Осылайша, Ақтау тұтынушылары есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін беріп, коммуналдық қызметтер үшін төлемді бір операция аясында жүзеге асыра алады.
«МРЭК» АҚ Kaspi.kz және Halyk қосымшаларындағы «ЕПД Маңғыстау» сервисі арқылы көрсеткіштерді енгізу тәсілі Ақтау қаласының дербес шоттарына қолданылатынын атап өтті.
Маңғыстау облысының басқа елді мекендеріндегі дербес шоттар бойынша тиісті аумаққа арналған қолданыстағы көрсеткіштерді беру тәртібі қолданылады.
Оны нақтылау, сондай-ақ төлем, түзетулер, қайта есептеу, есепке алу аспаптары, түбіртектер және берешек мәселелері бойынша кеңес алу үшін «МРЭК» АҚ-ның аумақтық қызмет көрсету орталықтарына хабарласуға болады: