АҚТАУ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ ЖИІ ҚОЯТЫН СҰРАҚТАРЫ

Ақтау тұрғындары ай сайын электр энергиясын тұтыну үшін төлем шоттарын алады. «МӨЭК» АҚ сату қызметінің бақылаушысы(контролеры) Балжан Сәдуақасова тұрғындардың электр энергиясын есептеу және төлеу туралы жиі қойылатын сұрақтарына жауап берді.

Балжан Сәдуақасова 18, 18А және 20 шағын аудандардағы тұтынушыларға қызмет көрсетеді. Ең жиі қойылатын сұрақтардың ішінде ол екі негізгі сұрақты атап өтті.

Тұрғындарға электр энергиясына төлемдер қашан беріледі?

Төлем әр айдың 7-сінен 15-не дейін таратылады. Егер олар төлемдерін алмаған болса, 14 шағын аудан, №84 үй, «President» ТҮК орналасқан «Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына» хабарласа алады.

Орталық мамандары оларға төлемдерін алуға және төлемдерін тексеруге көмектеседі.

Тұрғындар есептегіш көрсеткіштерін түзету және электр энергиясын тұтыну деректерін реттеу үшін не істеуі керек?

Есептегіш көрсеткіштерін реттеу үшін тұрғындар есептегіштерінің суретін түсіріп, қайта есептеу үшін «АЭЖБ» мемлекеттік коммуналдық компаниясына хабарласуы керек. Есепшоттарын уақытында төлей алмайтындар төлемді ұйымдастыру үшін 14-ші шағын аудан, №84 ғимарат, «President» ТҮК орналасқан «Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығындағы» экономистерге барып бөліп төлеуге рұқсат алуына болады. Бұл опция негізінен жалғызбасты тұрғындар мен жұмыссыздарға қаржы жағынан жеңілдету үшін қолжетімді.

Тұтынушыларға кеңес:

•Түбіртектерді алған кезде бірден тексеріп, есептегіш көрсеткіштерін төлемдермен салыстырыңыз.

•Уақытылы қайта есептету қарыздың жиналуын болдырмауға көмектеседі.

Төлемдер, түзетулер, қайта есептеулер, есептегіштер, түбіртектер және төленбеген сома туралы сұрақтар бойынша мына мекенжайға хабарласыңыз: Ақтау қаласы, 14-ші шағын аудан, №84 ғимарат, «President» ТҮК 1-қабаттында орналасқан «Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығы.

 

Телефондар: 32-00-16, 32-00-12, 32-00-13, +7 705 748 06 07, +7 705 748 08 09, +7 705 735 85 22.