
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мемлекеттік бағдарламаларды іске асырумен бекітілген инвестициялық бағдарламаның өзгеруіне байланысты «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ-ның электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметіне тарифті және тарифтік сметаны бекіту өтінімін қарау барысында жария тыңдау өткізеді.
Жария тыңдау 2024жылғы 05 қараша сағат 15.00-де Ақтау қаласы, №29А шағын ауданы (құс фабрика ауданы), АДО ғимараты, «МРЭК» АҚ-ның конфренц залында өтеді.
Сонымен бірге, жария тыңдау параллельді түрде онлайн режимде Facebook әлеуметтік желісіндегі Департаменттің ресми парақшасында көрсетілетін болады (https://www.facebook.com/profile.php?id=100051930454400).
Департамент мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және өзге де мүдделі тұлғаларды жария тыңдауға қатысуға шақырады.
Департаменттің байланыс телефондары: 8(7292) 42-16-20, 43-84-11.