
«Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидаларының» 6-тармағы 2-тармақшасына сәйкес, Энергия беруші ұйымдар электр энергиясының бөлшек сауда нарығында өз қызметін жүзеге асыру процесінде: коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алуды жүзеге асырады, қызмет көрсетілетін желілерге қосылған барлық бөлшек тұтынушылардың тұтыну көлемін айқындайды және осы ақпаратты өңірлік электр желілерін пайдаланатын энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен энергия беруші ұйымдарға береді.
Сондай-ақ, тұрмыстық тұтынушыларға арналған электрмен жабдықтау жөніндегі жария шарттың (07.01.2025 жылы «Огни Мангистау» газетінде жарияланған) 2-тарауы, 6-тармағына сәйкес, коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін Тұтынушының өзі алуына жол беріледі. Ақтау қаласының тұрмыстық тұтынушылары «Kaspi.kz» мобильді қосымшасы арқылы көрсеткіштерді өз бетінше жіберуге мүмкіндігі бар.
Әлеуметтік желідегі біздің парақшаларды қарап #СұрақЖауапМӨЭКТҚКО #ВопросОтветМРЭКЦОП хэштегін белгілеп сұрақтарыңызды қоюыңызға болады. Біз көмектесуге дайынбыз!