2025-ЖӨНДЕУ НАУҚАНЫНЫҢ КҮНДЕЛІГІ «МӨЭК» АҚ ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯЛАРДЫ ЖӨНДЕУ БОЙЫНША ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРДЫҢ 40%-н ОРЫНДАДЫ

«МӨЭК» АҚ-ның 2025-2026 жылдардағы күзгі-қысқы мезгілге дайындығы бойынша жөндеу науқаны қарқынды кезеңде тұр. Бұл алдағы жылыту маусымында тұтынушыларды үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге бағытталған компания жұмысының негізгі бағыттарының бірі.

«МӨЭК» АҚ энергетиктерінің бір айдағы белсенді жұмысы барысында 20-дан астам толық трансформаторлық қосалқы станция (6/10 кВ) жөнделді. Сондай-ақ, «Ақшұқыр Т-2» және «Шайыр Т-1» қосалқы станцияларында оқшаулау ерекшеліктерін қалпына келтіре отырып, екі күштік трансформаторды (35 кВ және одан жоғары) жөндеу жұмыстары аяқталды.

Күрделі жөндеу аясында барлық кернеу кластарындағы шамамен 39 шм әуе электр беру желілері жөнделді: 220, 110, 35, 6(10) және 0,4 кВ. Сонымен қатар, ӘЖ-110 кВ Л-Қарамандыбас-1,2 и Ж-КЖ-Өзен-1,2 электр беру желілерінде фарфор оқшаулағыштар оқшаулағыштар сенімділігі мықты әрі берік шыны оқшаулағыштарға ауыстырылды.

Жоғары вольтты желілер тіректерінің 176 бетон табанына жөндеу жүргізілді. Энергетиктердің алдында әлі де айтарлықтай жұмыс көлемі бар, атап айтқанда, ӘЖ-110 кВ желілерінде: Ж-Қарамандыбас-1,2, Ж-Глинзавод-1,2, Ж-Сауысқан және Ж-Теңге-1,2 жөндеу іс-шараларын жасау қажет.

Электр желілерінің сенімділігі мен тұрақтылығын арттыру мақсатында «МӨЭК» АҚ мамандары ақаулы тіректер мен тозған сымдарды ауыстыруды жалғастыруда, бұл аварияларды азайтуға және қыс мезгілінде электр энергиясының тұрақты берілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, жөндеу науқаны 1 сәуірде басталды және ағымдағы жылдың қазан айына дейін жалғасады. 2025-2026 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіне дайындық бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. «МӨЭК» АҚ энергетиктері барлық жоспарланған жұмыстар мерзімінде аяқталатынына сендірді.