ӨЛКЕ ОҚУШЫЛАРЫ «МӨЭК» АҚ ЭНЕРГИЯ ОБЪЕКТІЛЕРІНДЕ БОЛДЫ

Қазақстанда жарияланған 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында, Мұнайлы ауданының №13 мектеп-гимназиясының оқушылары 5 ақпанда «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ-да (МӨЭК) болды. Бұл сапар еңбек нарығына жастарды бейімдеу әрі жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыру бағытындағы маңызды қадам еді.

Экскурсия Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасы мен Мұнайлы ауданы білім бөлімінің көмегімен ұйымдастырылды. 9-сынып оқушылары энергетика саласының кәсіпқой мамандарымен танысып, энергетика саласымен байланысты жұмысшы мамандықтар туралы біраз жаңа мағлұмат алды.

Іс-шараның мақсаты оқушыларға жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын түсіндіру, оларды осы бағытта оқыту, сондай-ақ кәсіби дағдыларын арттыру болатын. Экскурсия барысында оқушылар қарапайым жұмысшы мамандықтарына ие еңбек адамдары туралы біліп, олардың құнды тәжірибелерін тыңдады.

Экскурсия «МӨЭК» АҚ Корпоративтік оқыту орталығына барудан басталды, бұл жерде оқушылар қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау алып, компания қызметкерлері үшін өткізілетін білім беру бағдарламаларымен танысты. Әрі қарай экскурсия барысында компания энергетиктері өңірді энергиямен жабдықтаудың тұрақтылығы мен сенімділігін қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын заманауи энергетикалық жабдықтардың негізгі сипаттамалары мен жұмыс принциптері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Есте қаларлық сәт оқушылардың заманауи жабдықтармен жабдықталған өңірлік диспетчерлік орталыққа (ӨДО) және «Прибрежная» қосалқы станциясына баруы болды. Бұл объектілерде балалар энергетикалық процестерді бақылау мен басқарудың қалай жүретінін шынайы көруге бірден-бір мүмкіндік алды. Олар энергетикалық инфрақұрылымның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін жоғары технологиялық жүйелермен танысты, сондай-ақ электр энергиясының таралуын дәл бақылау мен басқарудың маңыздылығы туралы білді. Экскурсия оқушылардың энергетика саласындағы білімдерін ұлғайтып қана қоймай, оларды жаңа технологиялар мен осы саладағы әлеуетті мансапты зерттеуге құлшындырды.

  • «Жұмысшымамандықтаржылы»аясында осындай іс-шаралардыұйымдастыру жастардыңкәсіптікбілім алуына ықпал етіп, еліміздіңеңбекнарығыннығайтуғаоңәсер етеді.Жастардытехникалықжәнекәсіптікбілімменқамту – Қазақстанныңәлеуметтік-экономикалықдамуындағымаңыздықадам.Бұлшараларжұмысшымамандықтарға деген қызығушылықтыарттырып,өндірістіксекторда жетіспейтін біліктімамандармәселесіншешугеықпал етеді,- деп атап көрсеттіМаңғыстауоблысыкәсіпкерлерпалатасыныңөкілдері.

Мұндай іс-шаралар оқушылардың білім деңгейін және жұмысшы мамандықтарға деген қызығушылығын арттыруда маңызды рөл атқарады, ал бұл олардың алдағы уақытта сәтті кәсіби бағдар алуына оң ықпал етері сөзсіз.