ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ КЕҢЕСШІСІ «МӨЭК» АҚ-ДА БОЛДЫ

ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен «Маңғыстау өңірлік электржелілік компаниясы» (МӨЭК) АҚ-да болып, кәсіпорынның қызметімен танысты.
Кездесу барысында МӨЭК басқарма төрағасы Қасымхан Сыздықов компания жұмысының негізгі бағыттары мен өңірлік энергожүйені дамыту мәселелерін таныстырды.
МӨЭК Маңғыстау облысының өнеркәсіптік объектілерін, әлеуметтік мекемелерді және өңір халқын тұрақты және сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін негізгі кәсіпорындардың бірі. Компания электр желісі кешенінің сенімділігін арттыруға және энергия тиімділігін жоғарылатуға бағытталған жобаларды іске асырады.
Сапар қорытындысы бойынша өңірдің электр желілік кешенін одан әрі нығайтудың, сондай-ақ Маңғыстау облысының энергетикалық қауіпсіздігі мен орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін бастамаларды қолдаудың маңыздылығы атап өтілді.
Одан бөлек, Ермек Боранбайұлы ҚКЖ компаниялар тобының қызметін және оның энергоинфрақұрылымды жаңғырту және дамыту жобаларын жоғары бағалады.