«МӨЭК» АҚ алаяқтық жағдайлары туралы ескертеді.
Соңғы уақытта белгісіз адамдар тұтынушыларға қоңырау шалып, өздерін «МӨЭК» АҚ қызметкерлері ретінде таныстырып, қызмет көрсету немесе тексеру сылтауымен 1414 қысқа нөмірінен келген кодты айтуын сұрайтын жағдайлар тіркелді.
Сақ болуларыңызды сұраймыз!
«МӨЭК» АҚ қызметкерлері телефон арқылы ешқандай растау кодтарын талап етпейді және ондай ақпаратты сұрамайды. 1414 немесе басқа да қызметтік нөмірлерден келген кодтарды ешкімге айтпаңыз!
Күмән тудыратын немесе күдікті қоңыраулар түскен жағдайда, дереу «МӨЭК» АҚ Қауіпсіздік қызметіне хабарласуыңызды сұраймыз:
8 (7292) 200–300,
+7 778 633 71 02 (жұмыс уақытында қоңырау шалу қажет).
Жеке деректеріңізді қорғаңыз!
Құрметпен,
«МӨЭК» АҚ